Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата
редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
151. Радиациялық объектілерді пайдаланудан алу бойынша жұмыстарды
радиациялық объектінің арнайы даярланған персоналы немесе атом энергиясын
пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар басқа ұйымдардың персоналы
орындайды. Қажет болған жағдайларда персоналды даярлау алдағы жұмыстардың
негізгі операцияларына ұқсас макеттер мен тренажерларда жүргізіледі.
152. Сәулелену көздерін пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігі
туралы
мәселені, егер пайдалану мерзімін ұзарту сәулелену көзінің техникалық
құжаттамасында тыйым салынбаса, құрамында сәулелену көзін пайдаланатын
жеке немесе заңды тұлға өкілдері бар, ал қажет
болған жағдайда дайындаушы
ұйым өкілдері бар комиссия қарауы және шешуі тиіс. Пайдалану мерзімін ұзарту
немесе жабық сәулелену көзін пайдаланудан шығару туралы шешім жабық
сәулелену көзін техникалық куәландыру нәтижелеріне сәйкес қабылданады.
Техникалық куәландыру атом энергиясын пайдалану саласындағы радиоактивті
заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды
дайындауға лицензиясы бар арнайы ұйым жүргізеді.
Комиссия қорытындысында
сәулелену көзін одан әрі пайдалану мүмкіндігі, шарттары мен мерзімі
айқындалады.
153. Генерациялайтын сәулелену көздерін, құрылғыларды пайдаланудан
шығарғаннан кейін, олар сәулелену көздері ретінде пайдалану мүмкіндігін
болдырмайтын жағдайға келтірілуі тиіс.
Радионуклид сәулелену көздерін пайдаланудан шығарғаннан кейін, олар
арнайы ұйымдарға көму және (немесе) ұзақ уақыт сақтау үшін жіберілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: