Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
 D
t– сәулелену ұзақтығы, жылына сағат;
2) сыртқы иондаушы сәулеленуден қоғауды жобалау кезінде 
пайдаланылатын эквивалентті доза қуатының мәндері Гигиеналық нормативте 
келтірілген;
3) рентген аппараттары мен жылдамдатқыштар үшін есептеу белгіленген 
тәртіппен бекітілген әдістемелер бойынша аппараттың радиациялық шығысын 
және жұмыс жүктемесі ескеріле отырып жүргізіледі.
45. Радиациялық объектілердің жол берілген шығарындылары мен 
төгінділерін есептеу халық үшін өмірінің 70 жылы ішіндегі жылдық 
шығарындылар мен төгінділерге негізделген тиімді дозасы доза шегінің 
белгіленген квота мәнінен аспау талабының негізінде жүргізіледі.
46. Радиациялық объектілерді жобалау және жұмыстардың технологиялық 
схемаларын таңдау кезінде:
1) персоналдың барынша аз сәулеленуін;
2) операцияларды барынша автоматтандыруды және механикаландыруды;
3) технологиялық процестің барысын автоматтық және көзбен шолып 
бақылауды;
4) уыттылығы мен зияндылығы неғұрлым аз заттардың қолданылуды;
5) шу, діріл және басқа да зиянды факторлардың барынша аз деңгейлерін;
6) радиоактивті заттардың шығарындылары мен төгінділерінің барынша аз 
мөлшерін;
7) оларды уақытша сақтау және қайта өңдеудің қарапайым, сенімді 
әдістерімен радиоактивті қалдықтардың барынша аз мөлшерін;


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
8) технологиялық процестің бұзушылықтары туралы дыбыстық және 
(немесе) жарықтық дабыл беруін;
9) бұғаттауды қамтамасыз етеді.
47. Радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған технологиялық жабдық 
мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) конструкциясы пайдалануда сенімді және ыңғайлы, қажетті тұмшалануы, 
жабдықтың жұмысын қашықтықтан басқару және бақылау әдістерін қолдану 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
2) дезактивациялауға бейім, тоттануға төзімді және радиацияға төзімді 
материалдардан жасалады;
3) жабдықтың сыртқы және ішкі беттері дезактивациялау үшін қол жетімді 
болады.
48. Радиациялық объектінің жобасында жөндеу жұмыстарын жүргізу 
кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
бойынша ұйымдастыру, техникалық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-
шаралар кешені көзделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет