Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Әлеуетті радиациялық қауіптілігі бойынша радиациялық



Pdf көрінісі
бет6/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
1-параграф. Әлеуетті радиациялық қауіптілігі бойынша радиациялық 
объектілерді сыныптауға қойылатын талаптар
24. Радиациялық объектінің әлеуетті қауіптілігі радиациялық авариялар 
кезінде оның халыққа және персоналға тигізетін ықтимал радиациялық әсерімен 
белгіленеді.
Қызметі нәтижесінде авариялар кезінде объект қызметкерлері ғана емес, 
халықтың да сәулеленуі мүмкін радиациялық объетілер әлеуетті аса қауіпті болып 
табылады. Персоналға жатпайтын адамдардың сәулелену мүмкіндігі болмайтын 
объектілер ең төмен радиациялық қауіпті объектілер болып табылады.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Әлеуетті радиациялық қауіптілігі бойынша объектілердің төрт санаты 
белгіленеді:
1) І санатқа авариялар кезінде халыққа радиациялық әсер етуі ықтимал және 
оны қорғау іс-шаралары талап етілуі мүмкін радиациялық объектілер жатады;
2) объектілердің ІІ санатына авариялар кезінде радиациялық әсері 
санитариялық-қорғаныш аймағының аумағымен шектелетін объектілер жатады;
3) ІІІ санатқа авариялар кезінде радиациялық әсері объектінің аумағымен 
шектелетін объектілер жатады;
4) ІV санатқа авариялар кезінде радиациялық әсері сәулелену көздерімен 
жұмыс жүргізілетін үй-жайлармен шектелетін объектілер жатады.
25. Радиациялық объектілердің санаты оларды жобалау сатысында 
белгіленеді. Қолданыстағы радиациялық объектілер үшін санатты радиациялық 
объект әкімшілігі белгілейді және багаж бен қол жүгін тексеретін жабдықтарды 
және иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптар мен 
қондырғыларды пайдаланатын объектілерді қоспағанда, аумақтық бөлімшелермен 
және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісіледі. 
Жобалау және пайдалану кезінде радиациялық объектілердің әлеуетті 
радиациялық қауіптілігі санаттарын анықтау жөніндегі өлшемшарттар осы 
Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет