Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Салалық тәуекелдерді анықтауға арналған ақпарат көздері



Pdf көрінісі
бет5/94
Дата08.06.2023
өлшемі1,85 Mb.
#99668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
174920 kaz 20230606

3-тарау. Салалық тәуекелдерді анықтауға арналған ақпарат көздері
және тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
9. Екінші кезеңде бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) 
тәуекел дәрежесіне жатқызу және бақылау және қадағалау субъектісіне 
(объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу және (немесе) талаптарға 
сәйкестігін тексеру кезінде іріктеу үшін Қазақстан Республикасының халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының 
талаптарын бұзатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) 
анықтау үшін деректер базасы, ақпарат көздері қолданылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.
а. 03.04.2023 № 57 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.04.2023 № 46 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
10. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін 
деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.
Ақпаратты жинау және өңдеу процестері толық көлемде 
автоматтандырылады және алынған деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігін 
көздейді.
Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарын айқындау 
үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Денсаулық сақтау 
министрінің м.а. 03.04.2023 № 57 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 
03.04.2023 № 46 бірлескен бұйрығымен.
2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;


Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Денсаулық сақтау 
министрінің м.а. 03.04.2023 № 57 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 
03.04.2023 № 46 бірлескен бұйрығымен.
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау 
нәтижелері;
5) 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Денсаулық сақтау 
министрінің м.а. 03.04.2023 № 57 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 
03.04.2023 № 46 бірлескен бұйрығымен.
6) 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Денсаулық сақтау 
министрінің м.а. 03.04.2023 № 57 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 
03.04.2023 № 46 бірлескен бұйрығымен.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 
м.а. 03.04.2023 № 57 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.04.2023 № 
46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
11. Қолда бар ақпарат көздерінің және субъективті өлшемшарттардың 
негізінде бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері 
және мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) 
талаптарына сәйкестігін тексерудің жылдық кестесі қалыптастырылады.
Талдау және бағалау кезінде бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне 
(объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті 
өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 
талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
12. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, 
субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін 
есептеу тәртібіне сәйкес 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті 
өлшемшарттар негізінде тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау 
субъектісі (объектісі) мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған 
кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;


Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған 
кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ды қоса алғанға дейін болған 
кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау 
субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты 
талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне 
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы 
бұзушылықтардың субъективті өлшемшарттарын маңыздылық дәрежесі бойынша 
бөле отырып, осы өлшемшарттартарға 2-қосымшада көрсетілген.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің 
көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар 
бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Талаптардың бұзушылықтары өрескел, елеулі, елеусіз деп бөлінуі осы 
Өлшемшарттарға 2-қосымшаға келтірілген.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті 
қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SР – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті 
қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
ЅРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;
ЅР2 – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны;
З


Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл 
бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз 
бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.
Жалпы көрсеткіштің алынған мәні бақылау және қадағалау субъектісін 
(объектісін) осы Өлшемшарттардың 12-тармағына сәйкес тәуекелдің белгілі бір 
дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.
13. Салалық тәуекелдерді анықтауға арналған ақпарат көздері бойынша 
тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары бойынша 
бұзушылықтар дәрежесін бөлу осы -өлшемшарттарға 3-қосымшада келтірілген.
13-1. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тәуекелдерді бағалау 
жүйесін қалыптастыру кезінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел 
дәрежесінің көрсеткішін, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің көрсеткіштерін есептеу 
осы өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субъективті 
өлшемшарттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін 
есептеу (R) алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне 
(объектілеріне) барып профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша 
бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SP) және субъективті 
өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қосу жолымен 
автоматтандырылған режимде, кейіннен деректер мәндерін 0-ден бастап 100 
баллға дейінгі ауқымда қалыпқа келтіре отырып, жүзеге асырылады.
R
= SP + SC, мұнда
R
– субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық 
көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
аралық
аралық


Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Есептеу мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау 
және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау 
және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік 
бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау 
субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын 
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді 
кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеме жиынтықты (іріктемені) құрайды.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін 
есептеу 0 ден 100 баллға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай 
формула бойынша жүзеге асырылады:
x – субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
w –x субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы,
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің 
алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішін 
есептеуге қосылады.
R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген 
мәндер 0-ден 100 баллға дейінгі ауқымға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа 
келтіру мынадай формуланы пайдалана отырып, әрбір іріктеме жиынтық 
(іріктеме) бойынша жүзеге асырылады:
R – жеке бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) субъективті 
өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
– бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер 
(объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі 
шәкілі бойынша ең жоғары ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
i
i



Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
– бір іріктеме жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) 
бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шәкілі бойынша 
мүмкін болатын ең төменгі мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
– субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық 
көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет