Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________А. Куантыров
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________А. Ғиният
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Бас прокуратурасы
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2022 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 117 мен
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 2 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-152
бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі –
өлшемшарттар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе
рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға
сәйкестігіне жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін)
тәуекел дәрежесіне жатқызу және бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау
және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу және (немесе) тексеру үшін
(бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік
кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-
бабының 1-тармағына, «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018
жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17371 болып тіркелген) және Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022
жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген «Реттеуші мемлекеттік
органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
қағидалары» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді
шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
3) елеулі бұзушылықтар – осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларына
сәйкес елеусіз және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын Қазақстан
Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары;
4) елеусіз бұзушылықтар – оларды сақтамау немқұрайлылықпен жол
берілген бұзушылықтарға әкеп соқтырған және (немесе) әкеп соқтыруы мүмкін,
бірақ халықтың денсаулығына қандай да бір елеулі зиян келтірмеген, Қазақстан
Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары;
5) жаппай қауіп-қатер – инфекциялық, паразиттік аурулардың және (немесе)
уланулардың пайда болуымен және таралуымен адамның өмірі мен
денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін химиялық, физикалық және
биологиялық заттардың (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және
химиялық заттардың, улар мен улы заттардың, биологиялық және
микробиологиялық организмдердің және олардың уыттарының, биологиялық
құралдары мен материалдарының) ықтимал қауіпті ықпалымен бақылау және
қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметімен байланысты жағдайлар және
(немесе) факторлар;
6) өрескел бұзушылықтар – оларды сақтамау жеке және заңды тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, адамның өміріне, денсаулығына
және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соқтырған және (немесе) әкеп
соқтыруы мүмкін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын қасақана немесе
абайсызда және елеулі бұзушылық;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі –
объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей
байланыссыз бақылау және қадағалау субъектісін (объектілерін) іріктеу үшін
пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі –
субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің
(объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау
субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттары;
9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – бақылау және қадағалау
субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен
қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған
басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі кейіннен бақылау және қадағалау
субъектісіне (объектісіне) бару және (немесе) кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең
төменгі мүмкін дәрежесі мақсатында талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы
профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін, бұл ретте жол берілетін
деңгейді қамтамасыз ете отырып, тиісті қызмет салаларындағы тәуекел, сондай-ақ
нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін
өзгертуге және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) және
(немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруге бара отырып, осындай бақылау және
қадағалау субъектісін (объектісін) профилактикалық бақылаудан босатуға
бағытталған;
10) тексеру парағы – оларды сақталмау адамның өмірі мен денсаулығына,
қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне
қауіп төндіретін бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің)
қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі;
11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы тәуекел – тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде
адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға салдарының ауырлық
дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына
сәйкес бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына
жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі;
Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
13) эпидемиялық мәні бар объектілер – өндіретін өнімі және (немесе)
қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық
арасында тамақтан уланулардың және (немесе) инфекциялық, паразиттік
аурулардың пайда болуына алып келуі және (немесе) өнеркәсіптік және
радиоактивті ластанудан, физикалық факторлардан халықтың денсаулығына зиян
келтіруі мүмкін объектілер.
Достарыңызбен бөлісу: |