Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
бет3/94
Дата08.06.2023
өлшемі1,85 Mb.
#99668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
174920 kaz 20230606

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.
а. 03.04.2023 № 57 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.04.2023 № 46 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
3. Адам өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар 
және (немесе) факторлар:
1) шаруашылық-ауыз су, орталықтандырылған, орталықтандырылмаған 
сумен жабдықтау, 2-ші санаттағы су объектілері көздерінен мониторинг жүргізу 
кезінде су қауіпсіздігінің микробиологиялық, санитариялық-химиялық, 
вирусологиялық және радиологиялық көрсеткіштеріне нормативтік-құқықтық 
актілерге сәйкес келмейтін зертханалық зерттеулердің нәтижелері;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы 
нормативтік-құқықтық актілерге, адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған 
ортаға қауіп төндіретін гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттерге 
сәйкес келмейтін өнімге (тауарларға) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 
нәтижелері;
3) осы Өлшемшарттарға 4-қосымшаға сәйкес субъективті өлшемшарттарға 
сәйкес халық арасындағы инфекциялық аурулар;
4) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде 
улы, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттарды, улар мен улы 
заттарды, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың 
уыттарын, биологиялық құралдар мен материалдарды) қолдану және пайдалану;


Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
5) мемлекеттік органдардың, жеке тұлғалардың, оның ішінде азаматтар мен 
заңды тұлғалардың адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке 
және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері 
бойынша өтініштері, сондай-ақ:
ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтануды ұйымдастыруға, тұру 
жағдайларына қойылатын талаптарды сақтамауға;
медициналық ұйымдарда және медициналық қалдықтарды жинау, жою 
және кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсететін объектілерде медициналық 
қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын сақтамауға;
рұқсат етілген шекті концентрациядан асатын радиоактивті заттар мен 
иондаушы және иондаушы емес сәулелену көздерін заңсыз пайдалануға, әсер 
етуіне;
шығу тегі химиялық заттардың (әсері күшті улы және химиялық заттар, 
дезинфекциялауға, дезинсекциялауға, дератизациялауға арналған препараттар) 
зиянды әсеріне;
тұрғын үйлерге кіріктірілген/жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан 
объектілерді зертханалық зерттеулердің (шу, діріл, иістер, тұрғын үйлерге енетін 
түтін) оң нәтижелерімен желдету жүйесі жұмысының тиімсіздігі. Медициналық 
ұйымдарда желдету және ауаны баптау жүйесі жұмысының және пайдалануының 
бұзылу фактілеріне, соның ішінде өтініштің түсуіне;
зертханалық зерттеулердің оң нәтижелері бар бақылаудағы объектілердің 
өндірістік жабдықтарынан шыққан шуға, дірілге;
суық тізбектің, профилактикалық егулерді жүргізу тәртібінің бұзылуына 
және (немесе) иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерге дәлелді негіздер мен 
растайтын дәлелдері бар болған кезде оларды сақтамау адамның өмірі мен 
денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын Қазақстан Республикасы 
заңнамасының талаптарын бұзушылықтар.
4. Талаптарға сәйкестігіне тексеру және бақылау және қадағалау 
субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін 
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын 
(шешімдерді мультиөлшемшарттық талдау) объективті және субъективті 
өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.


Редакциялау күні
03.04.2023
Сақтау күні
06.06.2023
Дата редакции
03.04.2023
Дата скачивания
06.06.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.
а. 03.04.2023 № 57 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.04.2023 № 46 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет