Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Шығыс Қазақстан облысы



бет8/9
Дата29.12.2023
өлшемі4,42 Mb.
#144838
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ғылыми жоба Симметрия әлемінде (1)

Қорытынды


Зерттеу жұмысымызды тамамдай отырып мынандай қорытындыға келдік: Біріншіден - симметрия жайлы естігеніміз болғанмен тереңірек зерттей отырып, симметрияның түрлерімен танысып білімімізді тереңдеттік. Екіншіден - симметрия құбылысы біздің қоршаған ортамыздың кез-келген жерінен қар жапалағынан бастап зәулім-зәулім ғимараттардан табуға болатынын түсіндік. Және үшіншіден- симметрия сұлулықтың негізгі бөлігі болып келетініне көзіміз жетіп, әсемдікті қарапайым заттардан көре білдік. Симметрияның кеңістікте қаншалықты маңызды екенін көру жеткіліксіз оны түсіне білу керек. Симметрия бұл - гармония, бұл сұлулық, ал сұлулық әлемді құтқарады ...
Сонымен қоса бұл жобада ою-өрнектің математикалық, геометриялық нақтылықтарын, қазақ ою - өрнегінің математикалық элементтерін өлшемдестіріп, нақты математикалық, геометриялық дәлелдермен жүйелі көрсетуге күш салдық. Бірінші, қазақ ою - өрнектерін жинау, реттеу барысында шығу тегіне қарай ретке тұрғызылды, әрі оның математикалық қағидалары ою-өрнектің қарапайымдылықтан күрделілікке қарай дамуы ,математикалық өлшеммен сыздық. Екіншіден, көнерген өрнектердің мазмұны, дамуы мен ондағы ғылымилық, математикалық өлшем бойынша бір - бірлеп көрсетілді, әрі жаңа ою-өрнек туындысының ежелгі ою-өрнек туындысынан қалай дамығандығы жөнінде түсіндік. Үшіншіден, барлық ою-өрнектің бір-біріне ұқсамауы математикалық жолмен түсіндірілді. Төртіншіден, қазақ ою-өрнектеріндегі қолданылып келе жатқан көне және жаңа үлгілерде бұрын байқалмаған тың өрнек үлгілерімен таныстық.
Ою-өрнек мәдениеті ғылымилықты өз бойына сіңірген мәдениет.Біз ою-өрнекті жинай, реттей жүріп, мұндағы математикалық заңдылықты байқадық. Осындай шетсіз де шексіз ою-өрнек өрісі арқылы қазақ халқының ғылымға қаншалық жауапкершілікпен, қаншалық еңбеккерлікпен қарайтынын терең түсіндік. Егер дарынды жастарымыз ою-өрнек өрісі және ол қамтитын мазмұн жөнінде зерттеп, зерделеуге мойын бұрар болса, ою-өрнек өрісіндегі тағы да ашылмай жатқан ғылыми заңдылықтарды ашатындығына сенемін. Біз осындай орайлы сәтте мәдениетіміздің бір саласы болған ою-өрнек мәдениетіміздің өркениет сахнасында жарқырап тұруына тамшыдай болса да үлес қосуымыз керек.

17




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет