Пайдаланған әдебиеттер: 1. Алдамұратова Т.А. «Математика» Алматы «Атамұра» 2004 ж.
2. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбаева Қ.С. «Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.
3. Әлімбай Т.Р. «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.
4. Бақытбек М. «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж.
5. А. В. Погорелов Геометрия 7 9 Алматы, 2004
6. Вейль Г. Симметрия. М. 1968. Б. 191
7. Жүрсін Балкенов. Өрнек өнері арқылы болашақ мұғалімдерді шығармашылыққа даярлау. Б. 51
8. Барымбеков Ж. Қазақ оюы. Алматы,1986. Б. 21
9. М. Ш. Омирбекова. Традиционная культура казахов. Б. 35 – 38
10. Геометрияның тарихи мағлұматтары. Математика және физика ж.№3, 2005ж.
18
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «№47 ЖОББМ» КММ-нің 8 «В» сынып оқушысы Бақытбекова Қарақат пен 8 «Е» сынып оқушысы
Алибекова Аружанның «Симметрия әлемінде» атты тақырыбына
жазылған ғылыми жобасына
Пікір Қарақат пен Аружан бұл ғылыми жұмыстарында симметрияның не екенін анықтап, қоршаған ортамызда симметрияның кездесуін және қаншалықты кең қолданатынын зерттеп түсінікті тілде жазған. Математикадағы симметрияның өнердегі, архитектурадағы орны мен қажеттілігін көрсете отырып, оның үйлесімділігі мен көркемдігін таныту мақсатында симметрия тарихына ой жүгіртіп, фигуралардың симметриялығы, көркем шығармаларда симметрияны қолдану, сәулет өнеріндегі симметрия және әріптер мен сөздердегі айналық симметрияны зерттеген. Ғылыми жұмысты жазу барысында көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізгендері байқалып тұр.
Зерттеу жұмысында орындаушы оқушылар өз бойларындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденістерін тиянақты жеткізген. Бұл ғылыми жұмыста симметриялы денелерге тоқталып, табиғатта және архитектурада алатын орнын барынша дәйектей отырып сөздерде кездесетін палиндромдар жайлы да жазған. Симметриялық денелердің қасиетін анықтай отырып жан-жақты зерттей алған.
Отаншыл рухтағы білімді қазақ жастары егемен еліміздің іргетасын нығайту үшін білімге терең бойлап, ұмыт болып бара жатқан халық қолөнерін жандандыру мақсатында шығармашылықпен айналысса деп ойлаймыз.
Пікір жазған ғылыми жоба жетекшісі физика пәнінің мұғалімі:
математика пәні мұғалімі: