3.Симметрия түрлері Архитектуралық стильдердің саны қанша, симметрияның көптеген түрлері бар.
Жалпы, олар екі санатқа бөлінеді: нүктелік топтар және кеңістіктік топтар. Нүктелік топтар олардың кем дегенде бір маңызды маңызды бағаға қатынасына тән. Кеңістіктік топтарда белгілі бір белгі жоқ.
Сәулет өнеріндегі екі жақты симметрия - бұл барлық мәдениеттерде және барлық дәуірлерде кездесетін кең таралған форма. Онда композицияның екі жартысы бір-бірін шағылыстырады (мысалы, Римдегі Пантеонның қасбеті). Ол тек бір ғимарат масштабында ғана емес, сонымен қатар қалалық кеңістікте де болуы мүмкін: мұндай техниканы Лиссабондағы Praça do Comercio (Сауда алаңы) жобасында табуға болады (үлкен қала алаңы, монументалды қақпа, қақпаның сыртындағы кең сауда көшесі салыстырмалы түрде симметриялы) визуалды перспективаны басқаратын көлденең ось).
Айналмалы және рефлексиялық симметрия сәулет кеңістігінің орталық нүктесін айқындайтын қозғалыс және ырғақ сезімін тудырады.
Архитектурадағы цилиндрлік симметрия негізінен мұнаралар мен бағандарда болуы мүмкін.
Прогрессивті симметрия кеңістіктік топқа түседі, ал екі жақты симметрия сәулет өнеріндегі симметрияның ең көп тараған түрі болып табылады.
Мұның бәрі көптеген ғимараттарда симметрияның бір түрінен артық. Мысалы, цилиндрлік және ұқсастық симметриялары бар Қытай пагодасы.
Симметрия түрлері Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Табиғатта, техникада және тұрмыста кейбір денелердің өзара ұқсас, үйлесімді орналасуын симметрия деп атайды. «Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.Симметрия ұғымы адам шығармашылығыны көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады. Симметрияның көптеген түрлері бар, соның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты және нүктеге қатысты симметрия.0
Түзуге қатысты симметрия -егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады. Симметриялы фигуралар өзара тең болады. Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады, ал түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.
Тік төртбұрыш, квадрат, шеңбер – осьтік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың екі симметрия осі бар, квадраттың төрт симметрия осі бар. Шеңбердің кез келген диаметрі арқылы өтетін түзу оның симметрия осі болады. Сондықтан шеңбердің симметрия осьтері шексіз көп. Бұрыш – осьтік симметриялы фигура. Бұрыштың симметрия осі бойындағы бұрыштың төбесінен басталатын сәулені биссектриса деп атайды.
15
Бұрыштың биссектрисасы оны градустық өлшемтері тең екі бұрышқа бөледі.
Симметрияның екінші түрі – нүктеге қатысты симметрия.О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп аталады. О нүктесі фигураның симметрия центрі деп аталады. Тік төртбұрыш, шеңбер, кесінді – центрлік симметриялы фигуралар. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді диагональ деп аталады. Тік төртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі – оның симметрия центрі. Шеңбердің симметрия центрі – шеңбердің центрі болатын О нүктесі. Кесіндіні тең екі бөлікке бөлетін О нүктесі – оның симметрия центрі. Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне катысты симметриялы нүктелердің координаталары қарама-қарсы сандар болады.