Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырлары: мәні, жіктемесі және мазмұны. (30 балл)



бет1/5
Дата26.12.2022
өлшемі57,92 Kb.
#59803
  1   2   3   4   5

Билет N___15___

  1. Педагогика ғылымының өзін өзі ұйымдастыру мәселелері. Педагогика–жеке ғылыми пән. Педагогиканың ғылыми жүйе ретіндегі қалыптасуы тарихы. (30 балл)

  2. Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің әдіснамалық тұғырлары: мәні, жіктемесі және мазмұны. (30 балл)

  3. «Педагогика әдіснамасы мәнін анықтау тұғырлары. (гносеологиялық, философиялық, ғылымтанулық)» тақырыбында тірек конспектісін жазыңыз. (40 балл)



1.Педагогика ғылымының өзін өзі ұйымдастыру мәселелері. Педагогика – жеке ғылыми пән. Педагогиканың ғылыми жүйе ретінде қалыптасуы тарихы.

Педагогика ғылымы да кез келген басқа ғылыми пән сияқты қызметтер атқарады: сипаттау, түсіндіру және өзі зерделейтін шындық болмыстың бөлігіндегі құбылыстарды алдын ала болжай білу. Бұл қызметтер өзара байланысты. Бірақ педагогика ғылымының объектісі әлеуметтік-гуманитарлық салада болғандықтан, оның өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен, педагогикалық білім алу үдерісі ғылыми танымның жалпы заңдылықтарына бағынады және бұл үрдіске нақты ғылыми әдістерді ендіру қажет, педагогикалық зерттеудің сипаты мен нәтижелері негізінен әлеуметтік-гуманитарлық салаға тән практикалық құндылық сананың әсерімен анықталады. Сондықтан педагогика ғылымын жаратылыстану ғылыми циклі пәндерінің үлгісімен құруға мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ, бұл жүйені қалай жақсартуға, жаңартуға болатынын көрсету қажет. Міндет өзара байланысты екі бөлікті тек зерттеп қоймай, сондай-ақ құрастыру қажет. Ғылымның жоғарыда келтірілген қызметтеріне кейбір толықтырулар жасау керек. Шындық болмысты теориялық немесе эмпирикалық білім деңгейінде бейнелейтін педагогикадағы білім алу үдерісінің физика, химия немесе мысалы, тарихтағы болып жатқан үдерістерден ұстанымдық айырмашылығы жоқ. Бірақ педагогикалық болмыс зерделеніп отырғанда, тіпті ол нақты дәлелді болса да, бейнеленумен шектелмеу керек. Одан педагогикалық болмысқа әсер ету, жаңарту, жетілдіру талап етіледі. Өйткені педагогика басқа ғылымдарда түрлі пәндер арасында бөлінген екі қызметті атқарады: ғылыми-теориялық және құрастырушылық-техникалық (нормативтік, реттеушілік). Ғылыми-теориялық қызмет физика, химия, биология сияқты іргелі ғылымдарға, құрастырушылық-техникалық қызмет техникалық ғылымдарға, медицинаға және т.б. ғылымдарға тән. Педагогикада бұл екі қызмет біріктірілген. Педагогиканы тек теориялық ғылым немесе тек қолданбалы ғылым деп қарастыруға болмайды. Ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды сипаттайды және түсіндіреді, екінші жағынан қалай оқыту және тәрбиелеу керек, соған нұсқау береді. Ғылыми-теориялық қызметті іске асыра отырып, зерттеуші педагогикалық болмыстың мәнін көрсетеді. Нәтижесінде мұғалімдердің жаңа оқулықпен жұмысының табысты немесе табыссыз өтуінің себебі, оқушылардың белгілі бір типтегі оқу материалдарын оқып-үйренудегі қиындықтары, білім мазмұнының құрамы, қызметтері мен құрылымы туралы білімдер алынады. Зерттеуші құрастырушылық-техникалық қызмет атқара отырып, педагогикалық болмысты нақты күйінде көрсетеді. Бұл керек білімдер – оқу-тәрбие үдерісінің мақсаттарына сәйкес педагогикалық әрекетті қалай жоспарлау, іске асыру және жетілдіру туралы білімдер. Бұған оқыту мен тәрбиелеудің жалпы ұстанымдары, жеке пәндерді оқыту ұстанымдары, педагогикалық ережелер, әдістемелік нұсқаулар және т.б. жатады. Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Педагогикалық институттарда профильді бағдарламалар бойынша оқылатын оқу курсы да педагогика деп аталады. Қазіргі кездегі педагогика оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін қамтиды. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған. Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Джон Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді. 19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар: 1.жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді), 2.сәбилер мен мектепалды педагогикасы, 3.мектеп педагогикасы, 4.сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (керең, зағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді), 5.жеке пән әдістері, 6.Педагогика тарихы. Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да бар: 1.мектептану, 2.отбасы тәрбиесінің педагогикасы, 3.басқару педагогикасы, 4.ішкі істер педагогикасы.
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Педагогика пәні Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстар, олардың өзара байланысы, даму заңдылықтары айқындалады. Педагогика – «пейдагогис» грек сөзі «пейда» — бала, гогос жетелеймін, «бала жетелеуші» — деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым. Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады: 1.тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы ғылымның жиынтығы. 2.Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым. 3.Адам тәрбиесі туралы ғылым. 4.Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады. Педагогика пәні – ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің зерттеу саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие.
Педагогиканың категориялары:
Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу, қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология, методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.
Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.
ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гуманизм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.
Феодализмнен капитализмге өту деуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды. Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты. Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен беки түсті.
Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Гадлия" сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі. Ақынның педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстурінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежузілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі. Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ, қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
А. Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі (1914 ж) "Мектеп керектері' деген мақаласында: "Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардық қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем шықпақшы", - деп оқытудық дидактикалық принциптерін| ғылыми тұрғыда белгілеп берді. Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. "Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде (1924ж.) педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.
Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің бірі - Мағжан Жумабаев (1893-1938). Оның "Педагогика" атты еңбегі соң кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды. Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика меселелерімен жан-жақты айналысқан педагогтардың бірі өзінің "Педагогика мәселелері' (1940 ж.), - деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдәрі баланың өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын дамытып қа-лыптастыру, оның алған білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай білудің ғылыми негіздерін қарастырады. Қартбай Бержанов (1924-1976) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет