Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет33/87
Дата14.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#49926
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   87
Байланысты:
умкд Семей-13жыл

Бақылау сұрақтары

  1. Информатика ғылымының жалпы бiлім берудегi қызметі

  2. Мектептегі оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орны.

  3. Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.

  4. Mектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы

Негізгі әдебиеттер: [2, 3, 4, 5, 6, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [20, 28, 32]


15-ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістеріне шолу. Орта мектепте
информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері. Оқытуды нақтылы
ұйымдастырудың формалары
Мақсаты: Орта мектепте информатиканың дәстүрлі оқыту әдістері мен оқытудың нақтылы ұйымдастыру формаларына шолу

Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау – педогогтың іс-әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу – оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орнындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру) – олардың бірлескен іс-әрекеті.


Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрі салыстырмалы түрде елеулі орнын алады. Курстың мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ, компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттін көлемін едәуір кеңейтеді. Әрине, бұл педогогты іс-әрекетінен толық босатады деген сөз емес. Педогогтың оқыту алгоритіміндегі жүзеге асырылатын білімімен тәжірибелері оқушының өз бетінділігінің жоғарлауына әкеледі.
Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өздік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз бетінділігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетін ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару.
Сөйтіп, оқыту әдісі жалпы мағынада, оқушының жеке тұлғалық қасиетін өзгертуге бағытталған танымдық іс-әрекетін басқару әдісі ретінде қарастырылады.
Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді (продуктивті) болып есептеледі;

  1. әлем жайында білім;

  2. іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;

  3. шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

  4. эммоционалдық құндылық қатынас тәжірибесі.

Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педогогтың әсері де қосылады.
Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділігінің негізгі дидактикалық функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі репродуктивті іс-әрекетте оқушының белсенділігі төмен болатыны, ал проблемалық іздеу тәсілінде, шығармашылық іс-әрекетті белсенділіктің жоғары болатыны белгілі.
Сондай-ақ, әдістерді топтаудың томендегідей негіздері бар:

  • білім алу тәсілі (теория және практика);

  • кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау және өздік бақылау);

  • оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).

Информатиканың мазмұнына қатысты оқытудың нақты әдісін аталған белгі параметрлердің комбинациясы ретінде түсінуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет