Оқушы білуі тиіс: негізгі логикалық операциялардың ақиқаттық кестелерін;
компьютердің логикалық схемаларында пайдаланылатын ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС негізгі логикалық элементтерді.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі: логикалық қосудың ақиқаттық кестесін құруды;
логикалық терістеудің ақиқаттық кестесін құруды;
орындау кестесін құруды.
Тапсырмалар: Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.
«Буль алгебрасы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.
Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.