Лабораториялық (Зертханалық) сабақ. Лабораториялық сабақ компьютерлік кластағы негізгі оқыту формасы болып табылады. Кей жағдайларда фронтальдық жұмысты бірге бастаған күннің өзінде жан-жаққа кетіп қалуы мүмкін. Бұл жерде мұғалімге өзі дайындаған инструкциялар көмектеседі. Жұмыс алдында дайындықты үстірт тексеріп шығуға болады. Дайын еместерге компьютерге отырып қажеті жоқ. Мұндай жағдайда компьютер ғана емес, жай столдар қойылған ыңғайлы. Мұны оқушы жаза деп түсінбеуі керек. Себебі ол өзі дайын емес оқушылардың қызығушылығын одан әрі төмендетеді. Дайындалмай келетін тағы бір себебі өзіне-өзі артық сенімділік болуы мүмкін. Бұл жерде мұғалім «дайын болмасаң компьютерде жұмыс істемейсің» деген ұстанымда болу керек. Қазіргі кезде жаңа программалық ұстанымдар бар, оларда жұмыс барысында оқуға арналған жанама көмектер енгізілген. Бірақ бұл көмек бірінші рет оқылып отырмай, бұрыннан білетіндерді еске түсіруі үшін пайдаланса жұмыс жылдам жүреді.
Индивидуальды (жекелеме) практикум. Индивидауальды практикум лабораториялық фронтальды сабақтармен салыстыра жұмыстың неғұрлым жоғарғы формасы болып табылады. Оның өзіне тән белгілері: деңгейі мен күрделілігі бойынша тапсырмалардың әртүрлілігі, өздік жұмыс жасау, оқулықтарға арқа сүйеу, күрделі сұрақтарды мұғалімнен сұрау. Бұл негізінен сабақтан тыс формаға көшу формасы болып табылады.
Оқытудың сөздік әдісі. Классикалық педогогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я. Каменский информацияны кітаптан, лекциядан, алудың жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы информация алудың маңызды екенін атап көрсеткен.
Көнекілік әдіс.Информатика курсындағы көрнекілік әдіс – оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысын бақылау, одан кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін қарастырайық.
Иллюстрация.Информатика курсында информацияның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік береді. Бәрінен бұрын, көзге көрінбейтін нәрселерді бейнелегеннің пайдасы зор. Мысалы, тақтадан сандық немесе текстік мәндермен жазылған тік төртбұрышты көрсету (ЭЕМ-нің барлық зердесінің үлгісі, зерденің ұшықтарын көрсету). ЭЕМ-мен алғашқы тансу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі. Бұл жерде иллюстрация сөзбен жалғастырылады.
Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттің үлгісін үнемдей-ақ, демонстрациялауға болады. Кез келген компилятор орны мен мәнің демонстрациялай алады. Оқушылар өзінің жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Компьютерлік демонстрацияның маңызды ерекшелігі – көрнекті бейнелерді қозғалмалы күйінде басқару. Оқушы демонстрациялауды өзінің дербес қарқынымен орындайды және қайталауына мүмкіндік бар.