Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі


ӘЛЕМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕСІ



бет50/87
Дата14.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#49926
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87
Байланысты:
умкд Семей-13жыл

ӘЛЕМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕСІ
Тапсырмалар:
Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

  1. «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

  2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

  3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат және информатика ғылымы тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

  2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

  3. «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбының мақсаты?

  4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

  5. Сабақ қандай типте өтеді?

  6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.

2 өздік жұмыс


Тақырыбы: «Санау жүйелері» тақырыбын оқыту әдістемесі
Мақсаты: Санау жүйелері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.


Теориялық түсініктеме
«Санау жүйелері» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 8-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 3-ші және 4-ші сабақ болып І оқу тоқсанында өтіледі.
Сағат саны - 2 сағат.
Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру. Екілік сандарға амалдар қолдану.
Оқушының меңгеруі тиіс білімі:

  • санау жүйелері ұғымын;

  • сандарды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне ауыстыру ережелерін;

  • екілік арифметика ережелерін.

Оқушының игеруге тиіс білігі:

  • санды санаудың бір жүйесінен басқа жүйесіне түрлендіруді;

  • екілік сандармен арифметикалық амалдар орындауды.

3-сабақ

Сабақ тақырыбы

Санау жүйелері. Сандарды санаудың бір жүйесінен екінші бір жүйесіне аудару. Ондық бүтін сандарды және ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне аудару. Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне аудару.

Праграммалық дидактикалық қамтылуы

Оқулық.
Жұмыс дәптері.

Сабақ мақсаты

Оқушыларды санау жүйелерімен, сандарды санаудың бір жүйесінен екінші бір жүйесіне аудару тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен білікке қойылатын талаптар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет