Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет53/87
Дата14.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#49926
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87
Байланысты:
умкд Семей-13жыл

Оқушы білуі тиіс:
компьютер жұмысының логикалық негіздерін;
пікір, тұжырым, паймдау, ой қорыту, логикалық өрнек ұғымдарының мәнісін.
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
пікірлер алгебрасы есептерін шешуді;
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ байланыстарын ЕМЕС терістеуін пайдаланатын пікірлерге мысал келтіруді;
логикалық көбейту операциясы үшін ақиқаттық кестесін толтыруды.

Логика алгебрасы – математикалық логиканың логикалық мәндері (ақиқат немесе жалған) және қолданылатын логикалық операциялар тұрғысынан қарастырылатын пікірлерді зерттейтін бөлігі. Логика алгебрасы ХІХ ғасырдың ортасында Дж. Бульдің еңбектерінде құрылған. Логикалық алгебрасын қамтамасыз ету әйгілі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге тырысудың нәтижесінде пайда болды. Логика алгебрасының негізгі мәселесі пікірлермен және оларға қолданылатын логикалық операцияларды зерттеу болып табылады. Пікірлер - өздеріне қатысты олар ақиқат немесе жалған екенін түжырымдаудың мағынасы бар болатын сөйлемдер. Өз кезегінде пікір болып табылатындай өзіндік бөлігін ажыратып алуға болмайтындай пікір жай пікір деп аталады.
«Және», «немесе», «егер...», «онда», «эквивалентті» логикалық байланыстарын, «емес» терістеуін және т.с.с. қолдану жай пікірлерден жаңа, «күрделірек» пікір құруға мүмкіндік береді. Логикалық байланыстардың өзіндік атаулары мен белгіленулері болады:

  • «Және» - конъюнкция, & арқылы белгіленеді;

  • «немесе» - дизъюнкция, V арқылы белгіленеді;

  • «егер...», «онда» - импликация, → арқылы белгіленеді;

  • «эквивалентті» - эквиваленттік, ~ (парапарлық) арқылы белгіленеді;

  • «емес» - терістеу, - үстіндегі сызықшасымен белгіленеді.

Осылай алынған пікірлердің ақиқаттығы немесе жалғандығы бастапқы пікірлердің ақиқаттығына немесе жалғандығына және пікірлерге қолданылатын операциялар ретіндегі сәйкес байланыс тұжырымдамасына тәуелді. Ақиқаттықты белгілеу үшін «А» символы, ал жалғандықты белгілеу үшін «Ж» символы енгізіледі. Содан кейін бұл символдардың орнына 1 мен 0 цифрлары пайдаланылады.
Күрделі пікірлердің (пікірлер алгебрасы) формулаларынан оларды құрайтын жай пікірлерді әртүрлі мәндеріне сәйкес мәндерінің ақиқаттық кестелерін пайдаланып анықтауға болады.

6 сабақ

Сабақтың тақырыбы



Логикалық операциялар. Логикалық қосу (дизъюнкция). Логикалық терістеу. Ақиқаттық кестелері. Орындау кестелері. Компьютердің логикалық негіздері.

Бағдарламалық-
Дидактикалық
оқытылуы

Оқулық.
Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды логикалық қосу және терістеу операцияларымен таныстыру. Сәйкес ақиқаттық кестелерді қарастыру.

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет