сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу», «жаһандық құзыреттілік»
бағыттарын ұсынуда. Еліміз алғаш рет «PISA-2018» кезеңінде «математикалық
сауаттылық»,
«жаратылыстану-ғылыми
сауаттылығы»
және
«оқу
сауаттылығымен» қатар жаңа төртінші бағалау «жаһандық құзыреттілік»
бағытына қатысты.
Халықаралық зерттеуге қатысу әр ел үшін білім беру жүйесінің әлемдік
білім беру кеңістігіне кірудің негізгі себебі болып табылады. Яғни білім
алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуы, білім алушының өзін-өзі
дамытуды жоғары деңгейде іске асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу,
өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға
мүмкіндік береді.
Білім алушыларды халықаралық PISA зерттеуіне оқу сауаттылығы бағыты
бойынша дайындау мақсатында осы әдістемелік құрал құрастырылды.
Әдістемелік құралда тест тапсырмалары жинақталған. Әдістемелік құрал қазақ
тілі және әдебиеті білім салалары пәндерінің мұғалімдеріне арналады.
Достарыңызбен бөлісу: |