Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата07.01.2022
өлшемі2,35 Mb.
#18423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
 

 


 

 



 

 

PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ  ТУРАЛЫ 

 

PISA 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалайды. Нақты осы 



жастағы  білім  алушыларды  іріктеудің  себебі  әлемнің  көптеген  елдерінде  бұл 

жастағы  балалардың  мектепте  міндетті  білім  алуы  аяқталғандығымен 

түсіндіріледі. Жаста олсы жаста өздерінің мамандықтарын таңдау мен болашақ 

білім алу траекториясын анықтай алады.  

PISA  жобасының  басымдығы  қатысушы  елдер  санының  артуымен 

расталады. Мәселен, PISA-2000 жобасына – 32 ел қатысса, PISA-2018 жобасына 

қатысуға әлемнің 80-нен астам елі өтініш білдірген. 

PISA  жобасын  үйлестіруші  Экономикалық  Ынтымақтастық  Даму  Ұйымы 

(бұдан  әрі  –  ЭЫДҰ)  болып  табылады.  PISAзерттеуі  Консорциум  арқылы 

алдыңғы  қатарлы  халықаралық  ғылыми  ұйымдардың  қатысуымен  іске 

асырылады. Олар: 

  АҚШ  педагогикалық  тестілеу  қызметі  (Tducational  Testing  Service,  

ETS); 

  WESTAT Америкалық ұйымы; 



  Pearson Education Британдық білім баспасы және бағалау қызметі;  

  cApStAn Linguistic Quality Control Белгиялық лингвистикалық орталық.  

PISA  халықаралық  зерттеуі  оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалауды 

«математикалық  сауаттылық»,  «жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы»  және 

«оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.  

Оқу сауаттылығы – білім алушының жазба мәтіндерді түсіну, пайдалану, 

ойлау  және  өз  мақсатына  жету  үшін  оның  мазмұнын  қолдану,  өз  білімі  мен 

әлеуетін дамыту, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен 

мүмкіндіктерін дамыту қабілеті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет