жағдай (ситуация), сұрақ. Осы аталған параметрлердің құрылымы келесідей
беріледі.
Бірінші – әртүрлі тәсілдермен (кітаптар, парақшалар, ғаламтор-форумдар
мен жаңалықтар лентасы), нысандармен (көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік
мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттар,
кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар) берілген мәтін.
PISA мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығында,
яғги өмірден алынған мысалдар болуында. PISA зерттеуінің оқу сауаттылығы
бойынша құрастырылған тест тапсырмаларында мәтіннің 4 түрі кездеседі. Олар:
«тұтас мәтіндер», «дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер»,
«аралас мәтіндер», «құрамдас мәтіндер».
«Оқу сауаттылығында мәтіннің қомақты бірліктерін қамтыған көркемсөз
мәтіндерінен тұратын “тұтас мәтіндер” болып табылады. Тұтас мәтіндер
өзара сабақтасқан сөйлемдерден тұрады, олар бөлiмдер, тарау, кіріспе және
9
кітаптардан топтастырылады. Мағыналы азат жолдары сатылы құрастырылған
және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуіне көмектесетін
тақырыппен, тақырыпшамен белгіледі. Тұтас мәтiндерге сипаттама (көркем
және техникалық), баяндау (әңгiме, есеп берулер, репортаж), түсiндiру (пiкiр,
қорытынды, талдау) жатады.
«Дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер кесте, графиктер,
диаграмма сияқты мәтіннің ақпараттық бірліктерінен тұратындықтан, басқа оқу
дағдыларының әрекеттерін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |