Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі


ӘОЖ  373  КБЖ  74.268.1



Pdf көрінісі
бет2/82
Дата07.01.2022
өлшемі2,35 Mb.
#18423
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Даулетова-Н.

ӘОЖ  373 

КБЖ  74.268.1 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

© «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ филиалы  



 Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, 2019 

ISBN

 

978-601-7914-65-3 

 



 

 



 

 

КІРІСПЕ 

 

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай 



оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған 

білімінің  түпкі  нәтижесі  құзіреттіліктер  болып белгіленуі  білім беру  жүйесінде 

«функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың 

өзектілігін  арттырып  отыр.  Осыған  орай  алған  білімдері  негізінде  әрекет  етуге 

қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауда 

халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор. 

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 

бәсекелестігін  арттыру,  шынайы  өмірлік  кезеңдерге  бейімделу  мәселелері  тұр, 

өйткені  адам  қоғамда  түрлі  өмірлік  мәселелерге  байланысты  дұрыс  шешімдер 

қабылдау  үшін  жоғары  кәсіптілік  және  интеллектуалдық  әрекеттерді  қажет 

ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.  

Қазіргі  таңда  білім  алушылардың  оқу  жетістігі  екі  жағдайда  бағаланады. 

Олардың  бірі  –  сырттай  бағалау  болса,  екіншісі  –  іштей  бағалау.  Нақтылай 

түссек, іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты    өлшеміне  сәйкес  жүзеге 

асырылса,  сырттай  бағалау  –  әрбір  деңгейді  аяқтау  бойынша  білім  алушының 

оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ), сондай-ақ халықаралық 

зерттеулерге  TIMSS  (Trends  in  Mathematics  and  Science  Study)  (бұдан  әрі  – 

TIMSS), PISA (Programme for International Student Assessment) (бұдан әрі – PISA) 

және PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) (бұдан әрі – PIRLS) 

қатысуы  арқылы  жүзеге  асырылады.   

Осыған  байланысты  еліміздің  білім  алушыларының  білім  жетістіктерінің 

деңгейін анықтау үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді. 

PISA  –  халықаралық  зерттеуі  барлық  білім  беру  ұйымдарындағы                 

15 

жастағы 


оқушылардың 

математика, 

жаратылыстану 

және 


оқу 

сауаттылығынан (тіл мен әдебиет білім салаларынан) игерген білім жетістіктерін 

анықтауды,  оқу  барысында  меңгерген  білімдері  мен  біліктерін  өмірлік 

жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді.  

PISA  халықаралық  зерттеуінің  негізгі  міндеті  –  білім  беру  саласындағы 

әлемдік  басымдықтарды  сипаттайтын  зерттеу  құралдарының  негізінде 

объективті  өлшеулер  арқылы  алынған  айқын  нәтижелерді  талдау  болып 

табылады.  

Зерттеу  мәртебесі  әрбір  кезеңдегі  қатысушы  елдер  санының  артуымен  де 

дәлелденеді. Біздің еліміздің  PISA зерттеуінің 4 цикіліне (2009, 2012, 2015, 2018 

жылдар)  қатысудан  тәжірибесі  бар.  Алынған  нәтижелер  бойынша  білім  беру 

бағдарламаларын  жетілдіруге  және  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізуге 

ықпал жасады.  



 

Қазіргі  таңда  PISA  жобасы  әртүрлі  опциларды,  оның  ішінде  «қаржы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет