Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі



бет6/8
Дата27.11.2023
өлшемі91 Kb.
#129880
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Муканова

2.2 Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі

Жаратылыстан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының, құбылыстарының, процестерінің нақтылығын, олардың бір-бірімен байланыстылығын, даму заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады. Білімнің ғылымилығы балалар сенімінің көзі деуге болады. Себебі әрбір ғылыми ұғымды меңгеру үшін балалар әрекеттер жасап, практикалық жұмыстар, тәжірибелер арқылы проблемалық, түрлі жағдаяттарды шешу барысында зерделеуге, шындыққа жетуге бағыт алып отырады. Шындыққа жету жолында өз іс-әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлелдікке жеткеннен кейін алған ұғымдарына сенімі артады. Міне, осы тұста жаратылыстану сабағында басым қолдануды талап ететін логикалық тапсырмалардың рөлі артады. Сол түрлі логикалық сұрақ-тапсырмалар мына төмендегі үлгіде жинақталды[14-17]:


1. Өзенге шомылып шыққан адамның, өте ыстық күннің өзінде денесінің суитыны неліктен?
2. Реактивті ұшақтың соңында неге ақ із қалып отырады?
3. Өзеннің үстінде тұманның пайда болуы себебін түсіндір?
4. Бірдей жағыдайда майлы сорпа тез суып қала ма, әлде шай тез суып қала ма?
5. Суды қыздырмай-ақ, қайнатуға бола ма?
6. Бу деп нені түсінесіңдер? Қандай бу қаныққан, ал қандай бу қанықпаған бу деп аталады?
7. Шық түсуі мен тұманның пайда болуын қалай түсіндіресіңдер?
8. Ыстық күннен соң шықтың мол түсетіні неліктен?
9. Статистика бойынша, ірі өндірісті қалалардың маңында жұмыс күндерімен салыстырғанда, демалыс күндері тұманның сиректеу екендігі байқалады. Неліктен?
10. Жаңбырдан кейін көшеде пайда болған шалшықтардың ұзақ уақыт кеппейтіні неліктен? Осы кездегі ауаның ылғалдылығы туралы не айтасыңдар?
11. Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?Атмосфералық қысым төмен болғандықтан.
12. Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма? Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек
13. Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.
14. Еденге аққан суды құрғату үшін неліктен оны еденге жағады? Кебу бетін кеңіту кебу жылдамдығын арттырады.
15. Мұз қандай жағдайда жылтқыш болуы мүмкін. Басқа дененің температурасы мұздың температурасынан төмен болғанда
Оқушылардың өз білімін практикада тексеріп, іскерліктерін айқындайтын сұрақтардың маңызы өте зор. Жаратылыстану сабақтарында мұндай сұрауды табиғаттағы маусымдық құбылыстарды жүйелі түрде бақылау нәтижелері бойынша ұйымдастыруға зор мүмкіндік бар. Бақылау күнделігі практикада меңгерген іскерліктер мен дағдыларды қолдануға сүйене отырып, осындай жұмысты жүйелі түрде өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, қыркүйекте 3- сынып оқушыларына мынадай жұмыстарды ұсынуға болады:

  1. Мектеп клумбасынан гүлдеп тұрған бір өсімдікті қазып алып, оны қыш құмыраға отырғызыңдар да күтіңдер. Бақылау нәтижелерін жазып алыңдар.

  2. Компастың жәрдемімен мектептің, дүкеннің, сквердің, орманның өз үйлеріңнен қай тұста орналасқанын анықтаңдар.

  3. Сағалары бар өзендердің және көлдердің схемаларын сызыңдар.

  4. Бақылаулардың жиынтық кестесін толтырыңдар.

  5. Оқушылардың жалпы қоршаған ортаға байланысты ұғымдарын қалыптастыруға арналған тапсырмалар.

  6. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған (тұсбағдарды пайдаланып, бағытты анықтауға байланысты, термометрді пайдалануға, географикалық картамен жұмыс істеуге т.б. ) тапсырмалар.

  7. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылауға (жыл мезгілігіндегі табиғат көрінісін, жауын- шашынның түсімін, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін, адам еңбегінің өзгерісін бақылауға т.б.) арналған тапсырмалар.

  8. Жергілікті өлкетану материалдарына көңіл аударту мақсатымен (ерте гүлдейтін өсімдіктерді анықтау, олардың атын білу, ағаштың, бұтаның, шөптектес өсімдік түрлерін білу) берілетін тапсырмалар.

  9. Жануарлар топтарын ажырата білуге бағытталған (жабайы аңдарды, жыртқыштарды, құстарды, бунақденелілерді анықтауға, олардың әрқайсысынан 3-5 түрін білуге, дәптерлеріне суретін салуға т.б. ) тапсырмалар.

  10. Жыл мезгілдеріне байланысты адам еңбегі мен денсаулығын сақтауға бағытталған (адам еңбегінің өзгеруі, жұқпалы ауырудан сақтану жолдары т.б.) тапсырмалар.

  11. Экологиялық білім беруге арналған (өсімдіктер мен жануарларды қорғау, қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер, суды, ауаны, пайдалы қазбаларды қорғау үшін атқарылатын жұмыс түрлері т.б.) тапсырмалар.

  12. Оқушылардың шығармашылығын арттыруға байланысты тапсырмалар (түрлі нысандардың модельдерін жасау, макет жасау, құрастыру, шығарма жаздыру т.б.).

  13. Ойлауды эмпирикалық және теориялық деп екіге бөлу қабылданған. Ойлаудың эмпирикалық гүрі заттардың сыртқы ұксастығы мен айырмашылығына сүйенеді. Мұнда жекеден жалпыға көшу негізі бар. Мысалы, сабақты белгілі бір ереже түсіндірілген соң, осы ережені пайдаланып жаттығу орындау тапсырылады. Жаттығулардың мазмұны өзгергенімен мәні бірдей болып қала береді. Осындай жаттығуларды бірнешеуін орындағанда ғана балаларда «Осы құбылыстың ұқсастығы бар екен-ау» деген ой тууы мүмкін. Бұдан баланың эмпирикалық түрде, сыртқы және мазмұнды ұқсастықтары бойынша жұмыс жасайтындықтарын байқаймыз.

Теориялық ойлау барлық варианттар мен айырмашылықтар қандай байлныска саятынына, оның ішкі байланысы мен шығу тегін анықтауга негізделеді. Теориялық ойлау жекеден жалпыға ауыспайды. Құбылыстың жалпы принциптерін бөліп алған соң, осы біріңғай принциптен оның мүмкін вариант тарына ауысады.Жаратылыстану оқулығындағы «Өсімдіктер тірі ағзалар» тақырыбын өту барысында мына тапсырма бойынша практикалық жаттығу орындалады. Онда оқушы төңірегінен үш жанды және үш жансыз денелерді іріктеп алу және олардың бір -біріне айырмашылығын бақылып, ажырату тапсырылады. Және екі ыдыстағы бөлме өсімдіктерін (суарылмаған, уақытылы суарылған) ұсынып әр оқушыға бақылау тапсырмасы орындалады.
Түрлі анимациялар, графикалық суреттер, аудиожазбалар, бейнекөріністер, виртуалды тәжірибе т.б. қамтылған цифрлық ақпарат көздерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалану деректері тіркелді. Әсіресе табиғат құбылыстары мен процестерінің себебіне қанығатын видеофрагменттер, видеороликтер, видеосабақтар айталық, «Табиғаттағы су айналамы», «Судың үш күйі», «Кемпірқосақтың пайда болуы», «Күн жүйесіндегі ғаламшарлар құпиясы», «Қар неге ақ түсті», «Фотосинтез», «Заттар мен денелер», «Орман бірлестігі», «Тұқымның өнуі», «Найзағайдың себебі», «Күн мен түннің ауысу себебі», «Желдің пайда болу себебі», «Қардағы дыбыс», «Тозаңдану», «Ұрықтану», «Магнит өрісінің пайда болуы», «Шықтың түсуі», «Қыраудың пайда болуы» және т.б. табиғат процестері мен құбылыстарының жүру себебі мен оның салдары «Өсімдік бөліктері» деген тақырыбында ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктерді көрсетіп, зерттеу тапсырылады. Онда ағаш пен бұта, ағаш пен шөптекті, бұта мен шөптектілерді салыстырып, мүшелерін зерттеу [18].
«Тұқым қалай өнеді?» деген тақырып бойынша практикалық тапсырма орындалады. Онда әр топқа үрмебұршақ, бидай, пісте дәндерін таратып және су, құты, мақта, құм, ағаш ұнтағы беріледі. Сонан кейін мұғалімнің нұсқауымен тапсырма жасалады. Орындап болған соң, ауа жеткілікті етіп бетін бүркеп, жылы, жарық түсетін жерге қойып, мәліметтер толытырып, ілінеді. Онда күні, тұқым атауын жазып, суретке түсіріп қойылады. Күнделікті су бүркіп, бақылап тұрады. Бақылау кезіндегі өзгерістерді жазып, суретке түсіріп, соңынан қорытынды жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет