Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарының әдістемесі ұсынылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту әдістерін іріктеу, тиімді түрлерін ұсыну.
-жаратылыстану ғылымдарының ішкі құрылымы мен ғылыми интеграциялық сипатына талдама жасау;
-жаратылыс заңдылықтарының жалпы мазмұны мен бірлігін мазмұндап талдау жасау;
-бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгертудің тиімді әдістерін жинақтау, іріктеу;
-бастауыш сыныпта жаратылыс заңдылықтарын меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесін ұсыну.
Зерттеу нысаны мен әдістері: психо-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, салыстыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жұмыс бойында зерттеліп, жинақталған материалдары әдіскерлер мен студенттер үшін құнды материалдар бола алады.
Курстық жұмыстың (жобаның) көлемі мен құрылымы. 2 тарау, 23 бет
1 Жаратылыстану ғылымдарының ішкі құрылымы және тұтастану сабақтастық теориясының негіздемесі
Жаратылыстану ғылымдарының ішкі құрылымы мен ғылыми интеграциялық сипаты
Әлемді тұрған табиғи қалпында зерттейтін, табиғаттың күйі, оның заңдылықтары адамның санасына тәуелді емес деп есептейтін ғылым саласы жаратылыстану деп аталады [1, 4б].
«Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған — «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді [2,10б]. Дәл жаратылыстану — бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім. Дегенмен, бұл ғылымның табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.
Жаратылыстану ғылыми деректердің тарихи ашылуына негізделе бүткіл білімдердің эволюциялық көрінісі іспеттес. Ендеше кез келген ғылымның тарихы мен мазмұнының философиясы бар. Ал ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарға жауап іздейтін салалардың кешені. Имре Лакатос айтқандай: «Ғылым тарихы ғылым философиясынсыз «соқыр», ал ғылым философиясы ғылым тарихынсыз «бос» [3], ал сол секілді Томас Кунның пікірінше, ғылым философиясын ғылымға жақындату үшін оның тарихына назар аудару қажет [4]. Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болған соң оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1) алғашқы қоғамның ғылымы;
2) антика ғылымы;
3) орта ғасыр ғылымы;
4) жаңа заман ғылымы (классикалық);
5) қазіргі ғылым (постклассикалық). [5,10б].
Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін əлеуметтік-мəдени астарын да қарастырады жəне олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды жəне ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады [5,11б.].
Жаратылыстану ғылымдарының тарихы мен ішкі тоғысу философиясының да айтарлықтай эволюциясы жетерлік. Ендеше сол бағытта біраз зерттеулердің сипаттамасын берелік.
Табиғат заттары мен құбылыстары адамның санасына, іс-әрекетіне тәуелсіз өз зандары бойынша жүреді, адам оларды тек танып біле алады, сөйтіп өз мүддесіне сәйкес іс-әрекетінде қолдана алады. Тұтас жаратылысты танып білу тарихына үңілер болсақ, ғылымдардың дифференциялануы мен интеграциялануы деген мазмұнды ғылыми ұғымдарға тірелеміз. Ғылымдардың дифференциялануы, сонау Аристотельдің заманында ғылымдар санаулы түрмен ғана жаратылысты зерттеген.
Классикалық жаратылыстанудың шеңберінде табиғаттың барлық құбылыстарының бірлігі принципі идеясы біртіндеп қалыптаса бастады. Табиғат құбылыстарының бірлік принципінен оларды бейнелендіретін ғылымдардың бірлігі келіп шығады: химиялық құбылыстарды, мәселен, физиканың көмегінсіз түсіндіру мүмкін еместігі, ал геологиялық объектілерді зерттеу физикамен бірге химиялық талдау тәсілдерін де қажет ететіні дәлелденді. Осыдан жаратылыстану ғылымдарының арасында бұрын пайда болған шекара енді біртіндеп баяулай бастады. Бұл процесті ғылымдардың интеграциялануы, яғни өзара қосылуы, кірігуі деп атайды. Қазіргі жаратылыстануда интеграциялық процесс ғылым дамуының жетекші күшіне айналды. Алайда, жаратылыстану ғылыми саласының дамуында дифференциация мен интеграция бірін-бірі өзара терістеуші емес, өзара толықтырушы күштер деп пайымдауымыз керек.
Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы- ол табиғат құбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғұрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды «іздеп таба отырып» зерттейді, табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда, әрбір пәннің химия, физика немесе географияның өз ерекшеліктері бар екендігін байқайды. Жаратылыстану өз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тұра, Табиғатты біртұтас бүтін ретінде зерттеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.
Жаратылыстану пәнін, яки ғылымдардан білім алу мақсаттары:
1. Барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау.
2. Осы құбылыстардың өзін тереңірек және нақтырақ танып білу [1,14б.].
Бұл — Жаратылысты іс жүзінде танып білудің нәтижесіне байланысты болады. Жаратылыстану ұғымының ғылыми түсіндірмесі бүкіл әлемнің, әлемдегі жүріп жатқан құбылыстар мен процестер, әлемді құрайтын компоненттер (жанды, жансыз) түрлері, олардың қасиеттері мен ерекше белгілері және байланыстары мен өзгерістері жайлы білімнің кешенділігі деп ұғынуды білдіреді. Ендеше, ғаламдағы микро және макрокомпоненттердің сырлары тым терең, сондықтан оны танып білу, зерттеу әрекеті арқылы меңгеріледі. Сондықтан, Табиғаттың тылсым құпияларын жастайынан меңгеруге дайындық ерте бастауды қажет етеді. Осыған орай, ғылымға кіріспе іспеттес, жаратылыстану пәнінің мазмұны қоршаған әлемді құраушы денелер, заттар, құбылыстар, процестерді тану, зерттеу жасау арқылы жүзеге асыруды үйретеді.
Жаратылыстану –табиғатты жан-жақты, әрі біртұтас зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының жиынтығы. Оның құрамына физика, химия, биология және психология енеді. Табиғат туралы ғылымдар, комплексті болғандықтан, ол натур-философиядан туындаған еді, жаратылыстану тек нақты деректер мен білімді тәжрибеге сүйене отырып тексереді және мұны өзінің негізгі принципі деп санайды[1,14б.].
Ірі ғылымдар тобын құрайтын және бағалы жетістіктері бар қоғамдық ғылымдармен салыстырсақ жаратылыстану ғылымы объективтік эталоны болып саналады. Техникалық ғылымдар сияқты әлемді өзгертуге кіріспейді, оны тұтас тануды мақсат етеді, математика ғылымы тәрізді белгілер жүйесін зерделемейді, табиғат жүйесін тануды мақсат етеді. Жаратылыстану ғылымның танып білу құрылымы төмендегідей: тәжірибелік дерек –ғылыми дерек бақылау –нақты тәжірибе –модельдік тәжірибе –нақты тәжірибе нәтижелерінің тіркеу –тәжірибе нәтижелерін жинақтап қорыту қалыптасқан теориялық білімдерді тиімді пайдалану –бейне –ғылыми болжам қалыптастыру –оны тәрибеде тексеру –қажет болған кезде қосымша болжамдар енгізу [2,7б.].
Ғылыми зерттеу кұрылымы –ғылыми таным тәсілін береді. Қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін әртүрлі әрекетпен қимыл жасап, түрлі әдістерді қолданылады. Табиғатты танып білуге адамзат баласы ертедегі заманнан бастап бүгінге дейін үш кезеңнен өтіп, төртінші кезеңге көшетіндігін ғылым шежіресі дәлелдейді. Бізді қоршаған дүниедегі құбылыстарды қарастыратын синкретикалық (бөлінбейтін) қөзқарасқа негізделген, болмыстың сыртқы көрінісіне ғана мән беретін натурфилософия пайда болды, ХІІІ –ХV ғасырларды ғылымның іргетасы қаланып аналитикалық кезең басталды. Бұдан кейін жинақталған мәліметтерге сүйене отырып табиғат туралы тұтасталған қөзқарас қалыптастыру, яғни синтездеу кезеңі келді [2,14б.].
Қәзіргі уақытта бүкіл жаратылыстың тұтастығын (интегралдығын) негіздеуімен қатар, жеке ғылыми салалардың қалыптасу себептерін түсіндіретін интергралды –дифференциялық кезең басталды. Жаратылыстану табиғат туралы шын мәніндегі тұтас ғылым ретінде тек кәзір ғана қалыртаса бастады деуге болады. Бүгінгі кезеңге ғана табиғатты (өмірді, әлемді және сананы) жаратылыстанудың объектісі деп қарастыру мүмкіндігі туды. Табиғатты зерттеудегі бұл төрт кезең –натурфилософия, табиғатты тануда тәжірбиге негізделмей, тек бақылау тәсілімен шектеледі. Бұл мерзімде әлемнің эволюциялық дамуы туралы қөзқарас қалыптасты. Дегенмен, тәжірибелік әдістің пайдаланбауы дәл мәліметтерді алуға мүмкіндік бермегендіктен, жаратылыстану (астрономия мен геодезияны қоспағанда) ғылымның ХV – ХVІІ ғасырлардағы жетістіктер де осы кезеңге сәйкес келеді [1,18б.].
Табиғат құбылыстары мен объектілерін саяхатшылар, дәрігерлер, астрогтар мен астрономдар, алхимиктер мен химиктер, кәсіпкерлер мен өнертапқыштар т.б. зерттеді. Олар назарларын өсімдік пен жануарларға, жер мен аспанға бағыттан тек пассивті бақылаумен шектелмей, жүйелі эмпиркалық зерттеулер жүргізді. Аналитикалық кезеңде физика, химия, биология, география мен геодезия негізінде жинақы, мол ғылыми деректер алынды. Табиғат объектілерін жан-жақты зерделеу нәтижесінде ғылымдардың дифференциялаудың пайда болды, бұл аналитикалық кезеңінің негізгі бағыты болып саналады.
Аналитикалық кезеңнің тағыда бір ерекшелігі эмпиркалық білімнің теориядан басымдылығында. Бұл кезде көптеген деректер жинақтау қажет болды, табиғаттағы денелерді зерделеп, олардың құрамы мен құрлыстары анықталды, яғни эмпиркалық тәсілдің талабы орындалды. Жаратылыстануға белгіленген шекараны сызуға болмайды. Оларды салаларға бөлгенмен ылғыда тұтастық барын есте сақтау керек. Жүйелі түрде пәнаралық байланыс байқалады, оларда оинетика қалыптасады. Мысалға қәзіргі кезеңде ғылымның физикалық химия, биофизика, биохимия, психофизика т.б. салалары дамуда[1,71б.].
Табиғатқа натурофилософиялық жалпы түсініктердің қалыптасқан алғашқы кезеңінің өзінде ол біртұтас, біріккен, немесе бір-бірімен қалайда байланысқан деп қабылданған болатын. Табиғат туралы белгілі бір құбылыстарды немесе заттарды зерттегенде физика, химия, биология және психология жаратылысатнудың бөліктері ретінде қалыптасқан алғашқы кезеңінің өзінде ол біртұтас, біріккен, немесе бір-бірімен қалайда байланысқан деп қабылданған болатын. Табиғат туралы белгілі бір құбылыстарды немес заттарды зерттегенде физика, химия, биология және психология жаратылыстанудың бөліктері ретінде қалыптаса бастады. Қәзіргі жаратылыстану өзіне тек физика, химия, биология және психологияны ғана қоспайды, натурфилософияны, орта ғасырдағы классикалық жаратылыстануды және «постклассикалық» ғылымдарды да біріктіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |