Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ



бет5/7
Дата27.11.2023
өлшемі100,04 Kb.
#129885
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дастан

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекеттерін жаңартылған білім мазмұны негізінде талдау және оқу-танымындағы зерттеушілік әрекеттерінің ерекшеліктері
1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекеттерін жаңартылған білім мазмұны негізінде талдау Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық салаларда орын алған өзгерістер негізінде білім беру жүйесінің мазмұны мен технологияларына ықпал жасап, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кезеңдері 2016 жылдан бастау алып, жалпы білім беретін мектептерде жаңартылған білім беру мазмұны педагогикалық тәжірибеге енгізіле бастады. Заманауи білім беру стратегиясы оқушылардың толық дамуын ашуды көздейді. «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жаңа стандарты» оқушылардың дайындық деңгейіне, орта және бастауыш білім берудің мазмұнына, оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды анықтайды ...» Қазіргі білім беру жүйесінің бағыттық мақсаты мен міндеттері оқушыларды жаңаша мазмұндағы білім алуға баулу, мектептегі білім беру кезеңдерінің (бастауыш, орта және жоғары сыныптарда) жас ерекшеліктеріне сай қажетті білім мен білік, дағдыларды меңгерген құзырлы оқушы ретінде, жеке іс-әрекет тәсілдерін меңгерген, даму заңдылығына үйлесімді келетін оқушы тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыру. Жаңартылған білім беру мазмұнының аясында жүзеге асырылатын педагогикалық үдерісте оқушылар өздігінен орындайтын оқу әрекетімен айналыса отырып, танымдық жұмыстарын жүзеге асыру басымдық бағытқа ие болады және осының негізінде жаңашылдық тәсілдерді кеңінен қолдану мұғалімнің кәсіби қызметіндегі басты орынға шығады. Бұнда оқушы білімдердің пайда болуы мен заңдылықтарын және оны өзінің өмірлік тәжірибесінде қалай қолдану керектігін жете түсінуге үйренеді. Мәселен, бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында білім беру үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - міндетті оқу пәндерінің аясында, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың зерттеушілік ісәрекетін ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын құрастыру қажетті болып табылады .
Білім берудің жаңа стандартының мақсаттары: білім беру саясатын жүзеге асыру; нәтижеге бағытталған оқу жұмыстарының сапасын көтерудегі міндеттерді нақты қою; білім алушылардың /мектептердегі сатылы-кезеңдік және мектептен кейінгі білім алу деңгейіне қарай/ міндеттері мен құқықтарын тәртіптеу; білім алушылардың денсаулығын сақтау және білім алушылардың жеке тұлғалық болмысының дамуына, қосымша білім алуға мүмкіндіктер жасап, қолайлы жағдай мен көмек көрсету; орта білім берудің меншік нысанына, түріне бөлмей бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудегі сабақтастықты назарда ұстау; орта білім беру мекемелерінің жұмысын бақылау жүйесін іске асыру; орта білім беру мекемелерін мемлекеттік қазына есебінен қаржыландыруға және қаражатты орынды, әрі мақсатты бағытта пайдалануын қадағалау. 14 Білім беру стандартының аспектілері: еліміздегі педагогикалық тәжірибенің озық үлгілерін сақтау және әлемдік, еуропалық білім беру жүйесімен ықпалдасуды жүзеге асыру; кешенді және пәндік білім беруді ұйымдастыру арқылы білім, білік, дағды бекіту негізінде білім алушылардың құзыреттіліктерін арттыру; білім алушылардың барлығына теңдік дәрежедегі көзқарасты ұстану мен мүмкіндіктер жасау; орта білім беру жүйесін оқушылардың жас кезеңдеріне үйлесімді құру және іске асыру; білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін жетілдіру. Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті орта және сондай-ақ арнайы кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім алудағы білім беру мазмұнындарының құрылымында да жүргізіліп жатқан жаңартулар өмір бойы білім алуға дайын болу және табысты өмір сүруге қажетті құзыреттіліктерді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көздеріне бейімделе отырып, өзін-өзі дамытудың субъективті басымдықтарын тани білуге қабілетті тұлғаны дайындауда түйінді құзыреттіліктерді, әсіресе зерттеушілік құзыреттіліктерін меңгертуге бағытталған бастауыш білімнің өзіндік орны ерекше. Зерттеу білім беру үдерісінің құрамдас бөлігі ретінде бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (МЖМБС) берілгендігін ескерсек, онда, білім берудегі оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізуге және TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулерімен анықталған мақсатты құзыреттілікті жүйелі дамытуға ықпал етуін басшылыққа алу - бастауыш сынып оқушыларының зерттеу құзыреттілігінің басты өзектері мен алғашқы құрылымдық негіздерін дамытуға үйлесімді, әрі сәйкес келетін білім берудің зерттеу моделін құруды басшылыққа алды. Бастауыш білім беру стандартында басшылыққа алынған ұстанымдық қағидалар: оқыту және тәрбие берудің бірлігі; ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды басшылыққа алу; білім беру бағыттылығы оқушының тұлғалық болмысының қалыпты дамуы және рухани-адамгершілік, әрі жеке зияткерлік қасиеттерінің жетілуін қамтамасыз ету; оқушының білім алудағы оқу нәтижелерінің өсу көрсеткіші психологиялық және педагогикалық заңдылықтар жүйесімен іске асырылуы; оқушылардың оқу жұмысының нәтижесін айқындаудағы бағалаудың әділеттілігі; оқу бағдарламалары арқылы мектептердегі білім берудің сатылы-кезеңдік деңгейлерінде білім берудің сабақтастығын ұстану; оқушыларға қолайлы біліми (оқыту) танымдық оқу ортасын құру; үштілділік жүйедегі білім беруді іске асыру, т.с.с. Білім стандарты мазмұнының сатылық жүйесіндегі сабақтастығы мен толықтырылуы – дидактикалық талаптардың орындалуы болып табылады. Бұл - мемлекеттің даму жағдайындағы қоғамдық-гуманитарлық, эстетикалық білімдер мен тәрбие, жаратылыстану-математикалық және техникалық ғылымдар мен ақпараттық жүйе саласының өмірлік тәжірибеде орын алуына байланысты екендігі. Білім стандартының мазмұндық құрылымының жетілдірілуі қазіргі уақыттағы білім мен тәрбие беру бағытында туындаған 15 өзекті мәселелерді басшылыққа алып «Заманауи берілетін білім беру мазмұны және қалай оқу және оқыту керек?» - сұрақтардың түйінін шешуге бағытталады. Жаңа білім стандартының ерекшелігі – орта білім берудің мазмұндық жүйесімен қатар рухани құндылықтардың өзегі ретінде үздіксіз және өмір бойы білім алудың енгізілуі. Мысалы, бастауыш білім берудің стандартында: білімдерді кешенді беру арқылы оқушылардың жеке өмірлік тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана алуға үйрету, сыни ойлауға бейімдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, жаңашыл тәсілдер негізінде оқу жұмысын ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді қолдану және оқушыларға ұйымдастырылатын педагогикалық үдерісте оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын жетілдіре шығармашылдықпен пайдалану, тілдік қарым-қатынас дағдыларын қолдану әрі жетілдіру, оқушылардың жеке, өз бетінше және топта бірлесе жұмыс жасай білу қабілеттерін үнемі жетілдіру, бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік және зерттеушілік әрекеттерін дамыта отырып, құзыреттілік қабілеттерін арттыру [44]. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жүйесімен жаңартылған оқу бағдарламасын дайындау, сынақтан өткізу және 2016-2017 оқу жылынан 1 сыныптардың педагогикалық тәжірибесіне қолданып, енгізу аталған үдерістің бір бөлігі. Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу кестесі: 2016 жылы – 1-сынып, 2017 жылы – 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8,10-сыныптар, 2019 жылы – 4,9,11,12-сыныптар. 2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу. Жаңартылған білімнің мақсаты – оқушы тұлғасының дамуына қолайлы білім беру ортасын құру, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасау, функционалды сауаттылықты, шығармашылық жұмыс жасауға баулу және озық педагогикалық технологияларды оқу және оқытуда (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау және бағалаудың стратегиялары) оқу-тәрбие үдерісіне пайдалану. Жаңартылған білім мазмұны жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру - қалыптасқан педагогикалық тәжірибедегі «дәстүрлі» деп аталатын әдіс-тәсілдерді және оқушылардың танымдық өрісіне негіз болатын білімдердің мазмұндық құрылымдарын жетілдіру, заманауи сұраныс талаптарға икемдеп қайта жасауды жүзеге асырды. Оқушылардың оқутанымдық әрекетіндегі орын алатын түрлі көкейткесті мәселелердің түйінін шешуде өздігінен ізденушілік дағдыларын дамытуға, зерттеуге және түрлі дереккөздеріндегі ақпаратты талдап, саралауға, іріктеп, сұрыптай алуға бағытталған машықтарын жетілдіру маңызды. Оқушылардың білімдерін толықтырып, дамыту және кеңейтілген көлемде меңгерулеріне жағдайлар жасап, педагогикалық ықпал мен психологиялық қолдаулар көрсету де қажет. Бұл, оқушылардың меңгерген білімдер жиынтығын жеке өмірлік тәжірибелерінде қолдана алу мақсатын жүзеге асыру үшін және оған негіз болатын бастауыш сыныптың оқу бағдарламасында жеке ғылымдар негізінен 16 білім беретін пәндер жүйесінде арнайы түсініктерін қалыптастыру арқылы іске асырылады. Бұдан оқушылар меңгерген білімдерін кез келген жағдайға бейімдей алуы және келешекте кездесуі мүмкін түрлі міндеттерді шешуге үйренеді [45; б. 5-6]. Мектеп оқушыларын шынайы өмір жағдайына дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке құзыреттілік пен қарымқатынас жеткіліксіз. Білімнің берілуіндегі пәндік және кешендік жүйені іске асыра отырып метапәндік, метатаным, метақұзыреттілік сияқты жаңа қасиеттерді жетілдіру мәселесі орын алады. Бұлар оқушылардың зерттеушілік әрекеттерінің дамуы негізінде өзінің оң нәтижесін бермек [46; б. 5-11]. Себебі, зерттеушілік әрекеттегі оқу-танымдық материалындағы білім мазмұнының логикалық тізбектестікті талап ететіндігі, пәндік және кешенді жүйеде орын алатын білімдердің өзара қатынасы үйлесімдікпен сәйкес болуы мен ұласымдылығын берумен сипатталады. Білімдердің «қарапайым үлгісінен күрделіге өте отырып» ауқымының кеңейуі негізінде оқушылардың танымдық өрісінің дамуы зерттеушілік әрекеттердің өзіндік орынға ие болады. Бұл жеке пәндерден берілетін білімдерді терең меңгеруіне және осының негізіндегі ізденушілікте өзге пән білімдеріне де сүйене отырып, танымдық зерттеу әрекеттерінде кешенді білімдер жүйесін игеретіндігі анық. Осының негізінде жаңа білім терең және көлемді сипатқа ие болып, оқу-танымдық материалдарының мазмұндық құрылымында кешенді білімдердің жүйесі орын алады [47; б. 24]. Бұл жаңартылған білім беру мазмұнына негізделген оқу бағдарламасының сегіз бағытқа топтастырылып, басшылыққа алынатын өзіндік ерекшелігімен көрініс табады. Біздердің зерттеу жұмысымыз бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетіндегі құзыреттілігін қалыптастыру болғандықтан, осы мәселе төңірегіне шоғырландырып қарастырсақ. Онда: 1. Пән мазмұнының шиыршық /спираль/ қағидатымен жүзеге асырылуы пән мазмұнындағы оқу материалдарының жүйесінің қарапайымнан күрделіге өтуі және жаңа білімдер негізін берудегі оқушылардың өзіндік оқу-танымдық жұмыстарында зерттеушілік әрекеттерін жүзеге асыруды басшылыққа алу деп қарастыруға болады. Сондай-ақ, алдыңғы берілген білімдер мен кейінгі берілетін білімдердің сабақтастығы негізге алынады, әрине, бұл жағдайда оқушылардың зерттеушілік бағыттағы танымдық әрекеттерінің қосалқы түрде жүретіні заңдылық болып табылады. 2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы – бұнда оқушылардың білім алудағы қойылатын талап, мақсаттарының деңгейлік саты бойынша мақсаттан мақсатқа қол жеткізу барысындағы оқутанымдық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуында да зерттеушілік әрекеттер арқылы жүретіндігі және қол жеткізетіндігі бірге жүретін педагогикалық құбылыс ретінде көрініс беретіні анық. 3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі – жеке пәндік білім 17 мазмұнын басқа пәндердің оқу материалдары арқылы толықтыру және олардың өзара байланысын ортақ тақырыптар арқылы жүзеге асыруы – кешенді білім беруді педагогикалық тәжірибеде іске асыру болып табылады. Бұл пәндік білімнен метапәндік білімге көшу және бұл міндетті түрде оқушының зерттеушілік әрекетінің қалыптасып, дамуына негіз болатын педагогикалық үдеріс ретінде орын алады, әрі оған ықпал жасап, оқутанымдық зерттеушілік әрекетке итермелеп, баулиды. 4. Оқу үдерісін ұзақ, орта және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру ерекшелігі оқушының игеретін білімдер жүйесіндегі күрделілік және оның жоспарлы түрде жүзеге асырылуында дидактикалық талаптардың орындалуы. Сондай-ақ, оқушылардың танымдық өрісінің жоспарлы сатылық дейгеймен өсу жағдайындағы психологиялық және физиоанатомиялық, әрі гигиеналық талаптар бойынша - бастауыш сынып оқушысының күн ырғағындағы оқу-танымдық жұмыстарында үйлесімді келетін зерттеушілік әрекеттердің орын алуын оқушының денсаулығына кері әсерін тигізбейтіндей ұйымдастырып, жүзеге асыру жағдай деп қарастыруға болады. 5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілікрухани қасиеттерін қалыптастыру – бастауыш сынып оқушысының меңгерген білімдеріне сүйене отырып, олардың мүмкіндіктерінің артуының деңгейін есепке алу. Содай-ақ, меңгерген білімдерінің әлеуметтік орта және өзі үшін тәрбиелік мәнін жете түсінуге, зияткерлік қабілеттерінің рухани құндылық жағына мән беруге үйрету. Білімді адам – тәрбиелі, әрі тәртіпті болуы керек деген қағиданың мазмұнын «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы /Әл-Фараби/, тәртіпке бағынған адам - құл болмайды /Б. Момышұлы/ т.б.» ұлттық тәлімдік мұраларды басшылыққа ала отырып, білімнің рухани қазына және құндылық екендігін түсіндіру. Осы негізінде білімнің рухани құндылық, әрі адам баласының өмір сүруіне қажетті құрал ретінде оның мәнін түсінуге бағытталған оқуда тәлім-тәрбиелік мұралардың танымдық мазмұнын түсінуге бағытталған зерттеушілік әрекеттерінің жүзеге асырылуы, бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуға өзек болатынын негіздейді. Білім мен тәрбиені ұштастыру бастауыш сынып оқушысының келешекте тұлғалық болмысы толық бекіген жеке тұлға болуына ықпал жасайтыны анық. 6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты жүзеге асыра отырып, толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою – жеке пәндер бойынша білім беруді жүзеге асыру барысында оқу материалдарының логикалық тізбектік жүйесімен келе отырып, оқушылардың оқу-танымдық жұмыстарындағы меңгеретін білімдер мазмұнының сатылы деңгейлік күрделілігін ескеруді басшылыққа алу. Осының негізінде мұғалім қажетті білімді оқушыға игертудегі педагогикалық мақсатты жүйелеп, дидактикалық талаптар негізінде қоя отырып, оқушының өздігінен білім алуға ықпал жасауды жүзеге асыру, яғни білімдерді тереңдеп алу мақсатындағы жеке зерттеушілік әрекеттерімен айналысу мақсатын іске асыру болып табылады. Сонымен бірге, пән бойынша оқылған толық 18 курстағы білімдердің күрделену кезеңдеріндегі оқу материалдарының жүйелік заңдылығын түсіне отырып, оқушылардың жеке танымдық сұраныстарын қанағаттандырудағы ізденушілік негізіндегі зерттеу жүргізу әрекеттерінің құзыреттілігіне ие болады. 7. Білім мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аудару – жеке пәндерден берілетін оқу материалдарын өзге пәндердегі тақырыптық білімдермен байланыстыруды жүзеге асыру. Пәндік және пәндердегі ортақ тақырыптар арқылы кешенді білім беруді оқушының қоршаған ортамен байланысын /жыл мезгілдері, отбасылық шежіре, т.б./ қарастыра отырып, әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасау, өмір тәжірибесіне бейімделу және олардың жалпы табиғи, әрі жеке заңдылықтары жайындағы таным түсініктерін зерттеп, тану арқылы меңгеруін жүзеге асыру болып табылады. Білім мен өмірлік тәжірибенің өзара байлыстылығын танып, білуге және оны меңгеруге, ізденушілік әрекетінің қалыптасуына ықпал жасау. 8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу) – бастауыш сыныпта берілетін білімдер жүйесі оқушылардың сыныптық және олардың жас ерекшелігіне үйлесімді келіп, олардың меңгере алу мүмкіндігін басшылыққа ала отырып, атқаратын ой еңбегінде белсенділік пен ынтасын арттыруды іске асыру. Оқытудағы жүйелілік пәндік білім мен кешенді білім беру арқылы білімдердің өзара байланыстағы тұтастық заңдылығын түсіне алуға бағыттап және олардың бірін-бірі толықтыратындығын, оқу-танымдық үдерісінде оқушы оларды зерттеу, салыстыру арқылы, түсіну әрекеті арқылы пайымдай алатындығын - бұл оқушының педагогикалық үдеріске қызығушылығы артып, белсенділік танытуына өзек болады. Жоспарланған білім беруді ұйымдастырып іске асыруда оқушылардың қол жеткізген нәтижелерінде зерттеушілік іс-әрекетінің мәні мен маңыздылығын, зерттеу жүргізудегі әрекеттердің дағдыларын анықтап, негіздеп беретін еңбектердің болуына қарамастан, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі арнайы жүйелілікпен қарастырылмағандығының орын алып отырғандығын жою бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға негіздейді. Осының негізінде орта білім беруде зерттеушілік құзыреттілікті қалыптастыру жүйесіне, соның ішінде бастауыш білім беру кезеңінде сатылы-кезеңдік дамуына мұқтаж оқушылардың зерттеушілік құзыреттілік негіздерін жетілдірудің құрылымды-мазмұндық моделін дайындау мен оны теориялық негіздеу мәселесі басшылыққа алынып отыр. Бұл бағытта 2016-2019 жж. арналған ҚР Білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негіз болды, ол орта білім беру жүйесінің мақсаттық, мазмұндық және процессуалдық көрсеткіштерін дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындады [48]. Жаңа оқу бағдарламасындағы білім мазмұны бастауыш білім берудің жаңа оқу жоспарындағы жеке пәндердің қатарын осының негізінде блоктық циклдарға бөлінуін және тақырыптық бөлімдер жүйесімен топтасуын 19 құрайды. Бұл оқуды ұйымдастырудағы тізбектесу тәртіптерін құрып, оқу апталықтарын тақырыптық бөлімдер жүйесіне бағындыра отырып, кешенді білім беруді ұйымдастырудың сипатын береді. Бұл бастауыш сыныпта оқылатын жеке пәндердің білім беруді жүзеге асыра отырып кешенді білім беруді жүзеге асыру, яғни оқушының өздігінен білім алудағы зерттеушілік әрекетін жетілдіру, соған итермелеу, үйрету, ізденіс арқылы танымдық даму деңгейінің артуына түрткі (мотив) болады. Бұндай танымдық әрекеттердің педагогикалық үдерісте орын алуы, мысалы 1,2,3,4 сынып оқушылары оқитын пәндер жүйесіндегі ортақ тақырыптар негізінде оқу материалдарынан меңгеретін білімдер тізбектестік жүйеде қарапайымнан күрделілігіне, оңайдан-қиынға, бастапқы білімдер негізіне сүйене отырып, танымдық дамуды жүзеге асырушы құрал ретінде дидактикалық заңдылықтарды өзара сабақтастық пен үйлесімділік жолды құрып, іске асырады. Жаңартылған білім беру мазмұны және бастауыштағы блоктық циклдар және ортақ тақырыптық бөлімдер жүйесінде тізбектесуі: 1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым); 2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау); 3. Шығармашылық ойлау дағдысы; 4. Логикалық ойлау дағдысы; 5. Сыни ойлау дағдысы; 6. Алгоритмдік ойлау дағдысы; 7. Критикалық ойлау дағдысы; 8. Проблемалық ойлау дағдысы; 9. Технологиялық ойлау дағдысы; 10. Тілдік құзыреттілік дағдысы; 11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту және олардың педагогикалық үдерісте жүзеге асырылуы төмендегі пәндердің топтастырылу жүйесіне бағындырылған: 1. Тіл және әдебиет: Сауат ашу, Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу, Қазақ тілі (Т2), Орыс тілі (Я2), Ағылшын тілі; 2. Математика және АКТ: Математика: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ); 3. Жаратылыстану: Жаратылыстану; 4. Адам және қоғам: Дүниетану, Өзін-өзі тану: 5. Өнер: Музыка, Бейнелеу өнері, Еңбекке баулу; 6. Дене шынықтыру: Дене шынықтыру – білім беру салалары бойынша пәндерді құрылған [49]. Біздің еліміздегі қазіргі білім беру жүйесін әлемдік және еуропалық білім жүйесімен үйлесімді, әрі оларға ықпалдастықта болу бағытында жұмыстар жасалып, оқытудың жаңашыл тәсілдерін жете пайдалануды іске асыра отырып, заманауи ауқымды білімдерді беруге және оны оқушылардың меңгеру мүмкіндігі мен қабілеттерін ашуда олардың ізденімпаздық, зерттеушілік іс-әрекеттік қабілеттерін дамытып, шығармашылыққа бейім, өз деңгейіне сәйкес құзырлы оқушы ретінде қалыптастыру басшылыққа алынуда. Бұл мектептегі педагогикалық үдерісте оқушылардың оқутанымдықтағы ізденімпаздық қабілетін арттыруда зерттеушілік әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру мен оқыту және тәрбиелеу үдерістері ерекше мәнге ие, себебі, келешек жеке тұлғаның толық қалыптасуы мен дамуына және оның әлеуметтік ортада өз орнын табуына, рухани болмысының жетілуіне, жалпы мәдениетінің қалыптасуының негізі бастауыштағы педагогикалық үдерістің аясында жүзеге асырылады, яғни құзырлы оқушыны қалыптастырып, дамыту. 20 Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия /Виллем Те Вельде (Willem te Velde, 2005)/ [50, б. 254]. Қазіргі жаһанданудың кезеңінде сапалы білімнің қажеттігі орын алуда. Бұл бүгінгі әлемде ғылым мен техниканың дамуындағы экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін білімнің маңыздылығы мойындалуда /Муршед және басқа авторлар (Mourshed, M. et al, 2010)/ [51, http://mckinseyonsociety.com/howthe-worlds-most-improved-school-systemskeep-getting-better/]. және бұдан білім беруді реформалаудың қарқынды жүріп жатқанын көруге болады. Қазақстандағы білім беру әлемдік және еуропалық талаптарға үйлесімді болып, жаһандық проблемаларды шешуде белсенді қатыса алатындай, бәсекеге қабілетті, замануи ғылыми мен техниканы меңгеруге бейімділігі бар құзырлы білім алушыларды дайындау барысында түрлі деңгейде жұмыстар жүргізілуде. Жаңа мазмұнды білімді ұйымдастыруға негізделген оқу бағдарламасы жалпы білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің жүйесін және оқытудың жаңашыл тәсілдерін педагогикалық тәжірибеде кеңінен және шығармашылдық негізде пайдалануды, оқушылардың құзыреттіліктерін арттыру мен зерттеушілік әрекеттерін іске асыра отырып білім беру саласындағы құндылықтарды оқушы бойына бекіту әрі, жаңашылдықпен көшбасшылық қабілетке негіз болатын дағдыларды дамытуды, метапәндік білім беруді жүзеге асыру және ұлттық сананы қалыптастыру. Сондай-ақ енгізілген критериалды бағалау жүйесі түрлі міндеттерді шешудің тәсілі ретінде орын алады. Жаңартылған білім беру жүйесінде ұйымдастырылатын педагогикалық үдерістерді қарастырып, талдаудың өзіндік сипаты: 1. Сабақта жаңа ойлар мен қызықтырушы, ынталандырушы материалдарды беру; 2. Оқушылардың өзіндік ойлауы мен оқу-танымдық әрекеттеріне жағдай жасау арқылы логикалық жүйелік, ойлау тізбегіне бағыттау негізінде зерттеу жүргізу дағдыларына үйрету, баулу; 3. Оқушыларды өздерін қызықтыратын бағытта, салада сұрақтар құрастырып қоюға бейімдеу; 4. Оқушылардың өзара қарым-қатынасы, диалог құруға ынталандыру мен топтық жұмысқа негізделген жаттығуларды қолдану; 5. Оқушыларды өзіндік жеке ойлануға бейімдеп, үйрету арқылы олардың логикалық жүйелі ойлау дағдыларын дамытуға негізделген беру; 6. Оқушылардың өздік ойлау дағдыларын дамыту арқылы оқутанымдық негізіндегі ғылыми ізденушіліктегі зерттеушілік әрекет барысында қалыптасатын дағдыларын жетілдіріп, пайдаланып отыруды басшылыққа алу және олардың жеке ізденушіліктегі оқу-танымдық жұмыстарының нәтижелі болуына бағытталаған жобаларды құру, әрі іске асыру қарастырылады [52, б. 7-8]. Бастауыш сыныптардың педагогикалық үдерісін ұйымдастыруда оқушылардың ізденушілік пен зерттеушілік әрекеттерін жүзеге асыру 21 мәселесі олардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыру мен танымдық болмысын дамытушы құрылымы, яғни оқу мақсаттарына негізделген педагогикалық міндеттерді қарапайымнан күрделіге орындау арқылы жүзеге асыру болып табылады. Білім алудағы жаңа оқу материалдарды оқып-үйрену оқушылардың оқу-танымдық немесе жеке ғылыми-дүниетанымдық негізделуін зерттеу әрекеттерінде жаңа білімдер мен таным әдістері арқылы түсінуге және өзіндік дәлелдеуі мен сенімділігінің пайда болуы. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасының танымдық дамуын ізденушілік әрі зерттеушілік әрекеттермен байланыстыру оқу пәндері мен сыныптары бойынша оқу материалдарының оқу-танымдық шеңбері мен ауқымы аясындағы мәселеден шыға отырып, білімді алу мен игерудегі әрекеттерді жеке және топтық, ұжымдық қатынастар жұмыс жасай алуы мен іскерлігін меңгеруі қажеттілік болып табылады. Оқушы тұлғасының жеке дамуындағы танымдық қабілеттерін арттыруды зерттеушілік әрекеттермен байланыстыру және қалыптастыруда мұғалімнің шеберлігі мен тәжірибесі, шығармашылық, ізденістері – білім беру мен оқыту және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы басты педагогикалық әрекет ретінде орын алу керек. Себебі, оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда бастауышта оқылатын пәндердің оқу материалдарының тізбектестіктегі логикалық байланыстарын басшылыққа ала отырып, зерттеу жүргізу әрекетін іске асыру олардың тілін, ақыл-ойын, дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, т.б. ізденушілік жұмыстары арқылы, оқу-танымдық әрекеті арқылы оның қиялын, ойлауын дамыту мүмкіндіктерін кеңейту және қызықтыратын себеп-салдарларды /мотивтерді/ туғызып, ауқымды білім алуға мүмкіндік жасау. Оқушыдағы зерттеушілік әрекеттің қалыптасуы және оның тұрақты берік болуы оқушылардың білім алудағы ақыл-ойын дамытады, меңгеретін білімінің сапасын арттырып, ауқымын кеңейтеді және оқу-танымдық әрекетінде белсенділігі күшейіп, алған білімін өмірде, тәжірибеде шығармашылдықпен қолдануға мүмкіндігі артып және зейіні бекиді. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық зерттеу жүргізу әрекеттері жоғары сыныптарда берік және терең білім алудың өзегі болып табылады. Осы себепті бастауыш білім беру кезеңінен оқушыларды зерттеу жүргізу іс-әрекетіне баулу, зерттеу ізденістерінің әдістеріне үйрету арқылы оқу-танымдық жұмыстарды бекіту, әрі зерттеу жүргізу дағдыларын дамыту арқылы қазіргі білім берудің міндеттерін орындау және жүзеге асыру болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының белсенді оқу-танымдық әрекетке, негізінен зерттеу әрекет дағдыларын дамыта отырып, олардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік жасап, жетілдіру басты мәселе болып табылады. Оқушылардың зерттеушілік әрекетінің мазмұнын білім беру функциялары тұрғысынан қарағанда ол жеке оқушыны дамытуда зияткерлік деңгейінің жетілуіне және оны рухани құндылықтарды меңгеруінің өзіндік орны бар арнайы ұйымдастырылған немесе жасалған «тетік» /механизм/ ретінде тануымыз керек. Білім берудің кез келген сатылық деңгейін және 22 онда білім алушы шәкірттерді алсақ, олардың жүргізетін зерттеу жұмыстары белгілі бір мақсатқа қол жеткізуді басшылыққа алған. Яғни, білім беру мекемелерінің сатылық деңгейіне байланысты, мысалы мектептерде оқушының зерттеушілік іс-әрекетінің барысы мен мақсаты оның жас және білім алушылық деңгейіндегі оқу материалдарының мазмұндық құрылымымен ерекшеленеді, дегенмен олардың құндылығы өзара сабақтастық пен үйлесімділік негізде екендігі басымдық орында тұратыны анық. Бастауыш сынып мұғалімдері үшін оқушыларды болашақ өмірге баулудағы әрекетінде оларға әлемді және қоршаған ортасын тануда өзіндік орынға ие зерттеушілік әрекетін меңгеруге әрі сол арқылы жеке қабілеттік сапаларын дамытып, тұлғалық қасиеттерін жетілдіріп, өзіндік жеке көзқарастық түсінік пен танымдыққа ие оқушы тұлғасын қалыптастыру. Бұл білім беру үдерісінде жалпыға бірдей құралдар ретінде орын алған және өмірлік тәжірибеде танымдық негіз болатын ғылымдардың сипаттамалық ерекшеліктерін анықтайтын, сол объект элементінің сипатын /атрибутын/ қалып-күйі мен құндылықтық сипатын аша отырып, қолдана алу мүмкіндігіне ие болып табылады. Бұған негіз боларлық әдістер коммуникативтік құралдары болып табылатын конструктивтік қарымқатынас, жеке ой-түсінігін ортаға салудағы өзіндік пікірді дәлелдеудегі әрекеті, тақырып немесе зерттеу нысаны болып табылатын мәселе бойынша пікірталастардың орын алуы, әрбір жеке оқушы өз ұстанымын дәлелдей білуі және ой талас-тартысында ғылыми, мәдениетті сөйлеумен шешендік сөз өнеріне меңгеру түріндегі құралдарын құндылық ретінде түсінуіміз керек. Атрибут: философиялық түсінігі - заттың немесе құбылыстың қажет, маңызды, ажырамас қасиеті, оның кездейсоқ, өтпелі күйлерінен айырмашылығы. Қозғалыс - бұл заттың атрибуты. Заттың немесе құбылыстың маңызды, ажырамас атрибуты (оның өтпелі, кездейсоқ күйлерінен айырмашылығы) - бұл заттың мәнін, оның негізгі қасиетін, оның өмір сүруіне қажетті ерекшелік пен қасиеттердің тән немесе тән емес екенін белгілеп /предикатты/ құрайды [53, б. 45]. Қарастырып отырған мәселеміз бойынша оқушылардың зерттеушілік әрекетінің мазмұнын ашатын бірқатар атаулық ұғымдарды қарастырып көрейік. Мысалы, А.С. Обухов: - зерттеушінің этикалық тәртіпті сақтауы мен тәлім танымның негізгі - зерттеу белсенділігі мен зерттеушіліктегі құлықтық мінез әрекетіндегі және этикалық тәртіптің сақталуы, - дейді. Дегенмен, тәлімдік әрекет тәртіптілікті басшылыққа алады және бұл, сондай-ақ үлгі-нұсқалық түрде берілуі мүмкін, бірақ зерттеушілік әрекеттегі зерттеушінің ғылыми этикалық талап, заңдылықтарды сақтау және басшылыққа алу, ізденушілік пен зерттеудегі этикалық тәртіпке саналы мойынсыну және мақсатқа бағытталған тәлімдік әрекеттерді шығармашылдықпен қарастыру болып табылатындығын негіздейді [54, б. 701]. Зерттеушіліктегі этикалық тәртіпте мінез-құлықтың сақталуы тәлімдік білімдерді іздеу белсенділігі арқылы көрініс береді, онда өздігінен білім алу, 23 оқу, жеке танымдық әрекетпен айналысу мен өзін-өзі тәрбиелеу және жеке тұлғалық болмысын дамыту үдерістері жүзеге асырылады, бұл одан әрі дами түседі. Осы зерттеушілік әрекеттің бағытындағы мәселеде орын алатын күрделі әрі бұл нақты педагогикалық үдерістің психихологиялық мәнін басқалардан ажыратылған, тікелей бақылауда болатын, сондай-ақ, дедуктивті түсіндіру мен әдіс-ұсыныстарды негіздеу арқылы тексеру үшін де болжамдар қажетті басшылыққа алатын индукцияның баламасы. Бақыланатын педагогикалық үдеріске негізделген логикалық жолдың салынған барыстардың жүріп өткен жолын даму функциясы бойынша табудағы эксперименталды және логикалық түрде негізделіп, шындыққа жақын және сенімді теориялық білімнің мазмұндық құрылымын бекітуде қолданылатын тұжырымдаманың жеткілікті дәрежесін қарастырып зерттеп, зерделеушілердің бірі А.Н. Поддьяков: «зерттеушілік іс-әрекеті - бұл сыртқы ортадан жаңа ақпаратты іздеуге және алуға бағытталған тәлім-тәртіп» - деп анықтама берген болатын [55, б. 240]. А.И. Савенков: зерттеушілік әрекеттегі этикалық тәртіпте құлықтық мінезді сақтау тәлім-тәртіпті, ақпаратты іздеу деп негіздейді; ол белгісіздіктен туындайтын танымдық бағыттағы ретсіз әрекеттің салмақ күшін төмендетуге бағытталған мінез-құлық; нысанды зерттеуге бағытталған тәлім-тәртіп деп түсіндіреді [56, б. 18]. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетіндегі этикалық мінез-құлық тәртібі барлық оқу-танымдық іс-әрекет түрлеріне ықпал жасайтындығы жайында сипаттама береді. Бұл барлық ғылым саласы мен бағытындағы деңгейде оқу-танымдық үдерістерді дамытуда, өмірлік тәжірибе қолдануға және оқушының жеке тұлғалық болмысын дамытуда басты орынға ие болады. Сондай-ақ, субъектінің оқудағы, ғылым саласындағы білімдер жиынтығын игерудегі ғылыми және дүниетанымдық бағытындағы іздеушілік белсенділігін ынталандырып, өз қажеттіліктерін қанағаттандыруда зерттеушілік әрекетінің қалыптасып, дамуында өзіндік ықпал жасайтыны анық. Зерттеушілік әрекеттің сипатын ашатын келесі атаулық ұғым - зерттеу белсенділігі. Бұл жайында А.Н. Поддьяков: зерттеу белсенділігі - бұл оқушының әлемге деген көзқарасындағы шығармашылық қатынас және ол пайда болған себеп-салдардағы түркінің /мотивациялық/ негізінен пайда болған дайындықтан әрі зияткерлік қабілеттілігі арқылы өмірлік тәжірибеде әлемді қарым-қатынас арқылы шынайылықты тануға бағытталғандығы. Әртүрлі бағыттағы зерттеу жұмыстары өздеріне тән және әрекеттерге байланысты түрлі мақсаттар қойып, түрлі әрі жаңа әдістер арқылы қол жеткізудің жолдарын ойлап табуға, сондай-ақ, зерттеуден күтпеген нәтижелерді алуға және оларды одан әрі тану үшін пайдалануға байланысты мәселелерді шешуге бағытталғандығанда. Зерттеушілік әрекетіне қатысушы оқушы күрделі жүйелерді сәтті зерттеуінің мотивациялық негізі іс-әрекетінде келешекте орын алатын құрамдас бөлігін құрастыру, таңдау және қайта қараудан пайда болатын келеңсіз жағдайлардың түйінін шешудегі мәселеде олардың шығармашылық белсендігі болатындығын айтады [57, б. 38]. 24
Ғылыми – зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы баршамызға мәлім. Адамдар сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде табиғаттың, жаратылыстың тылсым дүниелеріне үңілген. Әр түрлі саланы зерттейтін ғылымдардың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен.Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді.
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау
Ғылыми жұмыстарға үңілу
Ғалымдардан ақыл-кеңес сұрау
Интернетке жүгіну
Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу
Тәжірибе жүргізу, (Ақынның мұражайларына, туып –өскен жеріне, немесе оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап отыру
Қорытынды жасау
Бейне материалдар, слайдтар жасау
Жұмысты қорғауға дайындалу
Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен — зерттеушімін», «Мен — жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен — зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.
Әлемді тұрған табиғи қалпында зерттейтін, табиғаттың күйі, оның заңдылықтары адамның санасына тәуелді емес деп есептейтін ғылым саласы жаратылыстану деп аталады [1, 4б].
«Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған — «жаратылыс» (табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді [2,10б]. Дәл жаратылыстану — бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім. Дегенмен, бұл ғылымның табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.
Жаратылыстану ғылыми деректердің тарихи ашылуына негізделе бүткіл білімдердің эволюциялық көрінісі іспеттес. Ендеше кез келген ғылымның тарихы мен мазмұнының философиясы бар. Ал ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарға жауап іздейтін салалардың кешені. Имре Лакатос айтқандай: «Ғылым тарихы ғылым философиясынсыз «соқыр», ал ғылым философиясы ғылым тарихынсыз «бос» [3], ал сол секілді Томас Кунның пікірінше, ғылым философиясын ғылымға жақындату үшін оның тарихына назар аудару қажет [4]. Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болған соң оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1) алғашқы қоғамның ғылымы;
2) антика ғылымы;
3) орта ғасыр ғылымы;
4) жаңа заман ғылымы (классикалық);
5) қазіргі ғылым (постклассикалық). [5,10б].
Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін əлеуметтік-мəдени астарын да қарастырады жəне олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды жəне ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады [5,11б.].
Жаратылыстану ғылымдарының тарихы мен ішкі тоғысу философиясының да айтарлықтай эволюциясы жетерлік. Ендеше сол бағытта біраз зерттеулердің сипаттамасын берелік.
Табиғат заттары мен құбылыстары адамның санасына, іс-әрекетіне тәуелсіз өз зандары бойынша жүреді, адам оларды тек танып біле алады, сөйтіп өз мүддесіне сәйкес іс-әрекетінде қолдана алады. Тұтас жаратылысты танып білу тарихына үңілер болсақ, ғылымдардың дифференциялануы мен интеграциялануы деген мазмұнды ғылыми ұғымдарға тірелеміз. Ғылымдардың дифференциялануы, сонау Аристотельдің заманында ғылымдар санаулы түрмен ғана жаратылысты зерттеген.
Классикалық жаратылыстанудың шеңберінде табиғаттың барлық құбылыстарының бірлігі принципі идеясы біртіндеп қалыптаса бастады. Табиғат құбылыстарының бірлік принципінен оларды бейнелендіретін ғылымдардың бірлігі келіп шығады: химиялық құбылыстарды, мәселен, физиканың көмегінсіз түсіндіру мүмкін еместігі, ал геологиялық объектілерді зерттеу физикамен бірге химиялық талдау тәсілдерін де қажет ететіні дәлелденді. Осыдан жаратылыстану ғылымдарының арасында бұрын пайда болған шекара енді біртіндеп баяулай бастады. Бұл процесті ғылымдардың интеграциялануы, яғни өзара қосылуы, кірігуі деп атайды. Қазіргі жаратылыстануда интеграциялық процесс ғылым дамуының жетекші күшіне айналды. Алайда, жаратылыстану ғылыми саласының дамуында дифференциация мен интеграция бірін-бірі өзара терістеуші емес, өзара толықтырушы күштер деп пайымдауымыз керек.
Жаратылыстанудың ғылым ретіндегі арнайы жаратылыстық ғылымдардан айырмашылығы- ол табиғат құбылыстарын бірнеше ғылымдардың позициясынан, неғұрлым жалпыға ортақ заңдылықтар мен тенденцияларды «іздеп таба отырып» зерттейді, табиғатқа жоғарыдан қарап зерттеген тәрізді болады. Орта мектепте жекелеген жаратылыстық пәндерді оқығанда, әрбір пәннің химия, физика немесе географияның өз ерекшеліктері бар екендігін байқайды. Жаратылыстану өз ауқымына енетін ғылымдардың ерекшелігін мойындай тұра, Табиғатты біртұтас бүтін ретінде зерттеуді өзінің басты мақсаты етіп қояды.
Жаратылыстану пәнін, яки ғылымдардан білім алу мақсаттары:
1. Барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау.
2. Осы құбылыстардың өзін тереңірек және нақтырақ танып білу [1,14б.].
Бұл — Жаратылысты іс жүзінде танып білудің нәтижесіне байланысты болады. Жаратылыстану ұғымының ғылыми түсіндірмесі бүкіл әлемнің, әлемдегі жүріп жатқан құбылыстар мен процестер, әлемді құрайтын компоненттер (жанды, жансыз) түрлері, олардың қасиеттері мен ерекше белгілері және байланыстары мен өзгерістері жайлы білімнің кешенділігі деп ұғынуды білдіреді. Ендеше, ғаламдағы микро және макрокомпоненттердің сырлары тым терең, сондықтан оны танып білу, зерттеу әрекеті арқылы меңгеріледі. Сондықтан, Табиғаттың тылсым құпияларын жастайынан меңгеруге дайындық ерте бастауды қажет етеді. Осыған орай, ғылымға кіріспе іспеттес, жаратылыстану пәнінің мазмұны қоршаған әлемді құраушы денелер, заттар, құбылыстар, процестерді тану, зерттеу жасау арқылы жүзеге асыруды үйретеді.
Жаратылыстану –табиғатты жан-жақты, әрі біртұтас зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының жиынтығы. Оның құрамына физика, химия, биология және психология енеді. Табиғат туралы ғылымдар, комплексті болғандықтан, ол натур-философиядан туындаған еді, жаратылыстану тек нақты деректер мен білімді тәжрибеге сүйене отырып тексереді және мұны өзінің негізгі принципі деп санайды[1,14б.].
Ірі ғылымдар тобын құрайтын және бағалы жетістіктері бар қоғамдық ғылымдармен салыстырсақ жаратылыстану ғылымы объективтік эталоны болып саналады. Техникалық ғылымдар сияқты әлемді өзгертуге кіріспейді, оны тұтас тануды мақсат етеді, математика ғылымы тәрізді белгілер жүйесін зерделемейді, табиғат жүйесін тануды мақсат етеді. Жаратылыстану ғылымның танып білу құрылымы төмендегідей: тәжірибелік дерек –ғылыми дерек бақылау –нақты тәжірибе –модельдік тәжірибе –нақты тәжірибе нәтижелерінің тіркеу –тәжірибе нәтижелерін жинақтап қорыту қалыптасқан теориялық білімдерді тиімді пайдалану –бейне –ғылыми болжам қалыптастыру –оны тәрибеде тексеру –қажет болған кезде қосымша болжамдар енгізу [2,7б.].
Ғылыми зерттеу кұрылымы –ғылыми таным тәсілін береді. Қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін әртүрлі әрекетпен қимыл жасап, түрлі әдістерді қолданылады. Табиғатты танып білуге адамзат баласы ертедегі заманнан бастап бүгінге дейін үш кезеңнен өтіп, төртінші кезеңге көшетіндігін ғылым шежіресі дәлелдейді. Бізді қоршаған дүниедегі құбылыстарды қарастыратын синкретикалық (бөлінбейтін) қөзқарасқа негізделген, болмыстың сыртқы көрінісіне ғана мән беретін натурфилософия пайда болды, ХІІІ –ХV ғасырларды ғылымның іргетасы қаланып аналитикалық кезең басталды. Бұдан кейін жинақталған мәліметтерге сүйене отырып табиғат туралы тұтасталған қөзқарас қалыптастыру, яғни синтездеу кезеңі келді [2,14б.].
Қәзіргі уақытта бүкіл жаратылыстың тұтастығын (интегралдығын) негіздеуімен қатар, жеке ғылыми салалардың қалыптасу себептерін түсіндіретін интергралды –дифференциялық кезең басталды. Жаратылыстану табиғат туралы шын мәніндегі тұтас ғылым ретінде тек кәзір ғана қалыртаса бастады деуге болады. Бүгінгі кезеңге ғана табиғатты (өмірді, әлемді және сананы) жаратылыстанудың объектісі деп қарастыру мүмкіндігі туды. Табиғатты зерттеудегі бұл төрт кезең –натурфилософия, табиғатты тануда тәжірбиге негізделмей, тек бақылау тәсілімен шектеледі. Бұл мерзімде әлемнің эволюциялық дамуы туралы қөзқарас қалыптасты. Дегенмен, тәжірибелік әдістің пайдаланбауы дәл мәліметтерді алуға мүмкіндік бермегендіктен, жаратылыстану (астрономия мен геодезияны қоспағанда) ғылымның ХV – ХVІІ ғасырлардағы жетістіктер де осы кезеңге сәйкес келеді [1,18б.].
Табиғат құбылыстары мен объектілерін саяхатшылар, дәрігерлер, астрогтар мен астрономдар, алхимиктер мен химиктер, кәсіпкерлер мен өнертапқыштар т.б. зерттеді. Олар назарларын өсімдік пен жануарларға, жер мен аспанға бағыттан тек пассивті бақылаумен шектелмей, жүйелі эмпиркалық зерттеулер жүргізді. Аналитикалық кезеңде физика, химия, биология, география мен геодезия негізінде жинақы, мол ғылыми деректер алынды. Табиғат объектілерін жан-жақты зерделеу нәтижесінде ғылымдардың дифференциялаудың пайда болды, бұл аналитикалық кезеңінің негізгі бағыты болып саналады.
Аналитикалық кезеңнің тағыда бір ерекшелігі эмпиркалық білімнің теориядан басымдылығында. Бұл кезде көптеген деректер жинақтау қажет болды, табиғаттағы денелерді зерделеп, олардың құрамы мен құрлыстары анықталды, яғни эмпиркалық тәсілдің талабы орындалды. Жаратылыстануға белгіленген шекараны сызуға болмайды. Оларды салаларға бөлгенмен ылғыда тұтастық барын есте сақтау керек. Жүйелі түрде пәнаралық байланыс байқалады, оларда оинетика қалыптасады. Мысалға қәзіргі кезеңде ғылымның физикалық химия, биофизика, биохимия, психофизика т.б. салалары дамуда[1,71б.].
Табиғатқа натурофилософиялық жалпы түсініктердің қалыптасқан алғашқы кезеңінің өзінде ол біртұтас, біріккен, немесе бір-бірімен қалайда байланысқан деп қабылданған болатын. Табиғат туралы белгілі бір құбылыстарды немесе заттарды зерттегенде физика, химия, биология және психология жаратылысатнудың бөліктері ретінде қалыптасқан алғашқы кезеңінің өзінде ол біртұтас, біріккен, немесе бір-бірімен қалайда байланысқан деп қабылданған болатын. Табиғат туралы белгілі бір құбылыстарды немес заттарды зерттегенде физика, химия, биология және психология жаратылыстанудың бөліктері ретінде қалыптаса бастады. Қәзіргі жаратылыстану өзіне тек физика, химия, биология және психологияны ғана қоспайды, натурфилософияны, орта ғасырдағы классикалық жаратылыстануды және «постклассикалық» ғылымдарды да біріктіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет