Ғылыми зерттеу жұмыстарында қолданылатын негізгі ұғымдар
5
1.2
Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту
8
2
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
14
2.1
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекеттерін жаңартылған білім мазмұны негізінде талдау және оқу-танымындағы зерттеушілік әрекеттерінің ерекшеліктері
14
2.2
Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту жолдарында қолданатын әдіс-тәсілдер
18
ҚОРЫТЫНДЫ
22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
23
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер еңгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аудару қажет. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен қатар, көбіне оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу, ойын еркін жеткізе білу, тіл байлығын дамытуға басты назар аудару қажет. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады. Құзіреттіліктерді қалыптастырудағы басты әрекет-сабақ беру. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін жаңа инновациялық әдіс –тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді.
Оқушыларға шығарма жаздыра білу, үйретудегі мақсат Абай, Мұхтар, Ғабит сияқты ірі сөз зергерлерін дайындау міндетін шешу емес, өз ойын, пікірін орамды түрмен дәлді әрі нақты, әсерлі де жүйелі жеткізе алатын сауатты адам тәрбиелеу, оның түрлі тәсілдері мен амалдарын меңгере отырып, жазу жұмысына үйрету болмақ.