Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


СӨЖ №89-90  Сыра қайнату өндірісі үшін шикізатты өңдеу мен сақтаудың негіздері



Pdf көрінісі
бет136/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

СӨЖ №89-90 
Сыра қайнату өндірісі үшін шикізатты өңдеу мен сақтаудың негіздері 
 
Сыра қайнату үшін дәнді шикізаттарды қабылдау 
 
Сыра жасау –көп салалы үдеріс. Алдымен арпаны өндіреді. Арпа өнгенде оның 
ферменттері крахмал, ақуыз сияқты басқа да барлық органикалық заттарды ыдыратып
басқа сөзбен айтқанда, ашытып спиртке тағы басқа да заттарға айналдырады.
Мысалы, ұсақ арпа үлкенге қарағанда қажетті ылғалдылыққа тезірек ие болады.
Жақсы сапалы сыра алу үшін арпаның осыған сәйкес қасиеттері болу керек. Оның 
ішінде ең бастылары түсі-түгі, иісі, өнімділігі, дәннің біркелкі ірілігі, шығымдылығы, 
крахмал мен ақуыздың пайызы, қабыршақтылығы мен көлемдік массасы болып есептеледі. 
Арпаны зауыттарға автокөлік және темір жол арқылы қабылдайды. Темір жол арқылы 
келетін арпаны вагондық таразыда, ал автокөлік арқылы келетінді автокөліктік таразыда 
өлшейді.
Өлшенген дән қабылдау шанағына түсіп норияларға бағытталады, таразыда өлшеніп 
тазалауға жіберіледі.
Арпаның сырты жылтыр болса, ол оның жаңа екендігінің белгісі. Егер жылтырлығы 
жоғалып, сұр күңгірт тартса, ол көгере бастағанының белгісі. Өз мезгілінде пісіп, жиналған 
арпаның түсі ашық сары болады. Егер ауаның ылғалдылығы көтерілсе, онда оның жоғарғы 
шеті қарая бастайды, ал піспей орылса, түсі жасыл болады, кейде ағарып та кетеді.Осының 
бәрі арпаның сыра қайнатуға жарамдылығын төмендетеді.
Өнуі – дәннің бесінші тәулікте өну қабілеті өнгіштіктен басқа, өнудің энергиясы да 
маңызды рөл атқарады. Өнудің жоғарғы энергиясыз арпа уыт түзе алмайды. Жинап 
алғаннан кейін дереу, арпа өнудің қажетті энергия деңгейіне ие емес, оны дұрыс сақтаудан 
кейін бірнеше апталардан кейін алады. Жинап алудан кейін 45 күннен ерте жеткізіледі де 
өмірге қабілеттілігін тексереді.
Жоғарғы өнушілікті алу үшін арпа піскен болып, астық басылған және қысқа уақытта 
13-14% тиімді ылғалдылыққа жеткізілуі тиіс. 
Ірілігі. Ірі болып 2,8-2,5мм қалыңдықты дән саналады. Оның д.б. мөлшерлі 1 класс 
үшін 80%-тан астам, 2 үшін -60% астам. Ірі дән көп эндоспермамен кішкене қабықшаларға 
ие, ашыту кезінде біркелкі жібітіледі. Ұсақ дән ашыту кезінде күштірек қыздырылады.Онда 
құрғақ заттардың шығындалуы көбірек болады. Семген дән сыра қайнатуға мүлдем 
жарамсыз.
Дәннің массасы, өлшемі және пішіні бойынша біркелкіліктігі, оның жағымды ортада 
өсіп өнуі жанама дәлел болады. Біркелкі және біртекті дән сулау кезінде суды бірдей 
жылдамдықта сіңіреді, барлық биохимиялық өзгерістерге бірдей шыдайды, кептіру, 
жатқыздыру және сақтау кезінде бірдей режимдерді талап етеді. шыдайды, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет