Темір-бункерлі сыйымдылығы 1500 тонналық тұқым қоймасы. Құрамында
тұқым және астық өңдейтін кешендері бар мұндай типтегі қоймалар жеке тапсырыстармен
салынуы мүмкін.
Қойма екі бөлімнен тұрады:
• Сыйымдылығы 1400 т құрғақ астықты сақтауға арналған бункер;
• Тұқым дәрілейтін, қаптайтын және қаптарды қатарлап үйіпсақтайтын
сыйымдылығы 100 т бөлім.
Тиеу, түсіру, тұқымды дәрілеу процестерінің барлығы толық механикаландырылған.
Ол үшін ленталы транспортерлер, таразылар, тұқым дәрілейтін машиналар қарастырылған.
Бункерлі қойма төрт қатарға орналастырылған, желдетілмейтін металл ыдыстардан
тұрады. Қамбаның жоғарғы және төменгі бункер қабаттарына екі-екіден транспортер
келтірілген. Қажет болған жағдайда,механикалық құралдар астықты бір бункерден
екіншісіне, сонымен қатар, тұқымды астық тазалайтын бөлмеге шапшаң жеткізе алады.
Тұқым дәрілеу бөлімі бункерлі қамбаға жапсарлас салынған бір қабатты құрылыс
болып табылады. Онда тұқымды дәрілеуге, оны өлшеуге және қаптауға, дәріленген
тұқымды сақтауға арналған, сондай-ақ, улы заттар,қажетті құрал-жабдықтар, арнаулы
жұмыс киімдерін қоюға және басқа да мақсатқа арналған бөлмелер де қарастырылған.
Қойманың тұқым қабылдау мүмкіндігі сағатына 10 тонна.
Достарыңызбен бөлісу: