Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет46/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Церкоспориоз. Көктемде жапырақтардың төменгі бөлігінде грибоктар пайда болады, 
бұлар жапырақтың төменгі белігіне біркелкі тарайды. Жапырақтың жоғарғы жағы бұл кезде 
сарғая береді. Грибоктар бұтақшаларға да, жидектердің төменгі жағына да түседі. Ауру 
грибогі күшті дамып кететін болса, бұталардың жапырақтарына және бұтақшаларға жасыл 
қоңыр түстес грибоктар шығады, бұлар диаметрі бір сантиметр ірі-ірі дақ болып 
орналасады. 
Грибок жапырақтарда және жидектерде спора түрінде қыстап шығады. 
Күрес шаралары. Күзде түскен жапырактарды жинап, өртеу керек. Аурудың алғашқы 
белгілері біліне басталысымен-ақ 0,5 г ИСО дәрісін бүрку қажет, мұнан соң әр 15 күн сайын 
қайталап тұруға болады. Күзде немесе көктемде бүршіктелгенге дейін жүзім шыбықтарына 
5 г ИСО бүркіліп шашылады. 
Бактериялық рак. Жүзім шыбықтарының рагі немесе бұғалығы Қазақстан 
жағдайында оңтүстік аудандарында жиі кездеседі. Бұл аурудың қоздырышы — бактерия. 
Ауру ең алдымен аспаларға және бұтақтарға түседі, тамыр мойындарына және тамырларға 
түсуі сирек болады, бұларға рак ісік сияқты болып келеді, оның көлемі жұдырықтай, түсі 
ақ сары немесе күлгін болады. Ең алдымен ісіктің сырты тегіс, жұмсақ болып келеді де, 
сонан соя барып қатаяды, тамыр жүйелерімен тұтасады, көбінесе қос қабаттанып бітеді. 
Ауру жүзім шыбыктарының өсуіне жол бермейді, жеке бұталарының өсуін тоқтатады, 
кейде өсімдік түгелдей апатқа ұшырайды. Бактерия өсімдіктің тканьдеріне еніп, шыбықтың 
жалпы кұрылысын бұзады, содан барып шыбық жарылып кетеді. Бұл ауру бактериялық рак 
тараған питомниктен әкелінген екпе шыбықтардан тарайды. Мұнан соң ауру өсімдіктерді 
кескенде ауру шыбықтарды кескен құралдар арқылы сау бұталарға жұғады. 
Күрес шаралары. 1. Екпе шыбықтарды аурудан аман бұталардан дайындау. 2. Жүзім 
бұталарын сынудан және суыққа шалдығудан сақтау. 3. Ауру түскен бұталардың бөлігін 
кесіп, онан соң өртеу. Егер бұтаның ауру түскен бәлігі өте көп болса, мұндай бұтаны 
жүзімдіктен мүлде жою қажет. Ауру бұталарды кескен соң, ағаш кескен құралдарды 10 
проценттік формалин ертіндісімен дезинфекциялау керек. 
4. Бұталардың ауру түскен бөлегін кескеннен кейін сол жерді 5 проценттік мыс 
нафтенаты ерітіндісімен майлау керек (күзде немесе көктемде бүршіктенгенге дейін). 
Жоғарыда айтылған паразиттік аурудан басқа грибоктары немесе бактериялары 
болмайтын аурулар да жиі кздеседі. Бұған хлороз, күнге күю, жапырақтың қызаруы, тағы 
басқалар жатады. Көбінесе хлороз жиі кездеседі. 


а-жүзім бізтұмсығы, б-құмырсқа шыбын, в-жапыраққорағыш жұлдызқұрт, г-құрт зиян 
келтірілген бір шоқ жүзім, жұлдызқұрт өрнегімен төмен түсіп келе жатыр, д-үлкен 
есек қара, е-жүзім кенесі, з- өрмекші кене, и-жапырақтағы өрмекші кененің 
личинкасы және оның құрты, к- өрмекші кене зияндалған жапырақ түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет