Бұл үшін таразының көмегін пайдаланады және астықты сұрыптау нүктесін ашады,
сүрмелердің, құрылғылардың нөмірлендірілуін орнатады.
Нан қабылдағыш элеваторлар
Даярлағыш элеваторлардың немесе НҚП үлесіне астық қоймалары сыйымдылығының
70 % тиеді. Даярлағыш элеваторлардың негізгі міндеті –сараптау, сапасын жақсарту үшін
өңдеу, орналастыру, сақтау және керек бағытта тасымалдау мақсатында астықты қабылдау.
Астық қоймаларының өзіндік ерекшелігі – жетілдірілген
қабылдағыш-тапсыру
фронтының болуы. Астықтың түсуі қысқа мерзіммен шектеледі – 15-30 күн.
Астық сыйымдылығын дайындық кезеңі барысында келіп түскен, дайындық кезеңіне
жіберілетін қалдық, жылдық астық түсімінің 10 %, түрлі астық түрлерінің коэффициентінен
есептеледі.
Қабылдау есебі астықы түсімінен есептеледі.
Ауыл шаруашылығының дамуына
байланысты элеваторларды кеңейту белсенділігі байқалды.
Л-2-100, Л-2-100С, Л-3-100 аудандық тың және тыңайған жерлерді игеруге арналып
жасалған. Оларға бір текті мол көлемдегі астықтың түсуі тән.
Элеваторлар жылдық дайындық көлемі 40-70 мың т. болатын кәсіпорындарға
арналған.
Л-4-175 элеваторлары 100 мың.т. жүкайналым жасайды. Онда ДСП-32
астықкептіргіштер, 4 А1-БИС100 айырғышы бар астықтазалағыштар орнатылған.
Қалдықтар қалдықтарды жинайтын цехқа жіберіледі. Аталмыш элеваторлар үлкен
көлемде кептірілмеген және тазаланбаған астықты қабылдауға арналған.
Терең даярлағыш элеваторлар тазалау, кептіру, сақтау және линиядағы элеваторларға
тасымалдау үшін атокөліктерге тиеу үшін тікелей алқаптан келетін астықты қабылдауға
арналған.
Достарыңызбен бөлісу: