Шикізаттарды сақтау тәртіптері Картопты сақтау. Қазіргі кезде картопты ұзаққа сақтау үшін негізгі әдіс оны
үймелеу. :йме бурт уақытша сақтау қоймасы, онда картоп түйнегінің көп массасы пирамида
түрінде қаланған және сабанмен топырақпен жабылады. Үйменің ені 3-7м, ұзындығы 25м
немесе оданда биік болады.
Үйменің ұзындығы картоптың құлама бұрышына байланысты және 45
0
С тең,
1м
3
ұймеде 0,65 т. картоп болады. Үймеге құрғақ дұрыс картопты салады. Үймеде үсіген
картопты сақтауға болмайды. Дымқыл картопты жұқа қылып жайып ауада кептіреді.
Картопты сақтауға қояр алдында үйменің тқменгі жағына желдеткіш қондырғы орнатады.
Картопты үймеге үймелегіш машинаның көмегімен жинайды. Картопты жинағаннан кейін
үйменің бетін жоғары жағы 35-40см, ал түбі 55-60см қабатта сабанмен жабады. Сабан
құрғақ болуы керек. Сабанның үстіне 10-15 см қалыңдықта топырақ төгеді. Аяз басталғанда
топырақтың қабатын 60см дейін жеткізеді. 1т картопты 1 сағатта 50-70м
3
ауа беру арқылы
желдетеді. Суыту кезеңінде 1т. картопқа 140-170м
3
ауа беру арқылы желдетеді. Егер картоп
буланса онда микроорганизмдер тез көбейе бастайды.
Дәнді дақылдарды сақтау. Дәнді дақылдарды механикаландырылған қоймаларда,
кішігірім партияларды қоймаларда (ағаш қамбада) сақтайды. Ашық аспан астында
брезентпен жауып астықты аз уақытқа сақтауға болады. Егістік басында қыстаған астық
зеңдермен зақымданады Ондай астықтан улы зат түзіледі. Ондай астықты « Улы астық» деп
ескертпе жазуы жапсырылған жеке жақсы жабылатын қоймада сақтайды. Астықты
жәндіктер мен кенелерден қорғау үшін қойманы спирт өндірісі үшін қауіпсіз улы
химикаттар (пестицидтер) –хлорпикрин, трихлорнитрометанмен өңдейді. Кеміргіштерден
қорғау үшін еденді қоймаларда қабрғадан 1м қашықтықта еденді бетоннан жасайды.
Жүгеріні сақтау. Жүгеріні жауын-шашын көп жауатын мезгілде басқа дақылдарға
қарағанда кешірек жинайды. жаңа жиналған собықтарының ылғалдылығы 17 паыздан
жоғары болып келеді, сондықтан оларды үймеде немесе сапеткада сақтайды. Үйменің ені
3м аспауы қажет. Үймені 30см сабанмен жабады. Егердәннің ылғалдылығы 25 пайыз болса
ондажелдету қарастырылады. Сапетклар ұзын тар ағаш өоймалар, қабырғалары мен едені
тақтайшалардан арасында саңылаулары бар. Сапетканың ені мен биіктігі 2м, ұзындығы
30мдейін кейде одан да көп. Едені жерден 30-50см биіктікте.