Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы


Қант диабетінің пайда болу себептері



бет2/8
Дата16.11.2023
өлшемі1,22 Mb.
#124232
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
72423.pptx 2

Қант диабетінің пайда болу себептері:
Вирусты жұқпалар.
Диабеттің дамуына ықпал ететін вирусты жұқпалар: қызамық, вирусты паротит (шошқаборық), желшешек, вирусты гепатит.
Тұқымқуалаушылық ықпал.  Әдетте қант диабетімен ауыратын адамдардың туыстарында қант диабеті жиі кездеседі. Егер ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын болса, олардың балалары диабетпен ауыру қаупі-100 %, егер ата-анасының бірі ауырса-50 %, ағасы немесе әпкесі диабетпен ауырса- 25 %.
Артық салмақтық;
Холестериннің  шамадан тыс деңгейі;
Қан қысымының жоғарылығы;
Дұрыс тамақтанбау;
Күйзеліс пен уайым.
Қант диабетінің белгілері:
Қатты шөлдеу;
Бөлінетін зәр
мөлшерінің көбеюі;
Жоғары терлегіштік;
Салмақты жоғалту 
Қант диабетінің асқынуы: Жіті асқынулар диабеттік кома; гипогликемия. Созылмалы асқынулар жүрек пен қан тамырларын зақымдау; көзді зақымдау; аяқты зақымдау.
Гипергликемия.Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады. 
Жедел жәрдем:Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.
Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.
4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.
Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.
3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.
Гипогликемиялық кома. Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.
Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.
Жедел жәрдем. Егер есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.
Егер ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.
Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.
Дымқылданған оттегі беріледі.
Есін жиған соң тамақтандырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет