Қант диабеті кезіндегі пациентті және туыстарын оқыту
Бұйрық Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 25 мамырдағы № 364 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 шілдеде № 7782 тіркелді. ҚР ДСМ- нің 29.12.2014 ж №361 бұйрығына сәйкес халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеруден өткізу туралы бұйрығына сәйкес Ересектерді скринингтік тексеруден өткізу ауруды ерте анықтау мен одан сақтандыруға бағытталады: қанайналымы жүйесінің негізгі аурулары - артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, әйелдер мен еркетер арасындағы қант диабеті және т.б Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 726 бұйрығымен бекітілген тегін дәрі-дәрімек тарату,келесі аурулар бойынша : Жүрек аурулары – артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, бронхиалды астма, жатыр мойны ісігі, қант диабеті және т.б Жоспар Кіріспе: 1.Қант диабеті туралы мәлімет. Негізгі бөлім:
Пациентке глюкометрмен қандағы қант деңгейін тексеруге үйрету.
Инсулинмен емдеу
Диетотерапия.
Диабет кезінеде аяқты қалай күтесіз?
Қант диабетінің алдын алу
Қорытынды.
Қант диабеті Диабет — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ЕКІ ТҮРІ БАР: Инсулинге тәуелді – ҚД 1 түрі, негізінен жас адамдарды зақымдайды.Оның себебі, иммунитеттің төмендеуі немесе вирустық жұқпалы аурудың салдарынан асқазан асты безі жасушаларының өлімі. Ағза бұл жағдайда өздігінен инсулин түзуге қабілетсіз.
Инсулинге тәуелсіз – ҚД 2 түрі. Аурудың бұл түрінде инсулин асқазан асты безімен керек деңгейде шығарылмай, асқындырып шығарылады. Бірақ ағзадағы жасушалар оған сезімталдығын жоғалтқандықтан, қабылдай алмайды. Диабеттің екінші түрі - семіздікпен қиналатын, жасы 40-тан асқан адамдардың арасындағы тұқымқуалаушы ауру.