Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы


№9 емдәмде көмірсуларға баға беру үшін мына жағдайларды ескеру қажет



бет6/8
Дата16.11.2023
өлшемі1,22 Mb.
#124232
1   2   3   4   5   6   7   8
№9 емдәмде көмірсуларға баға беру үшін мына жағдайларды ескеру қажет: 
  • емдәмде жеңіл сіңірілетін көмірсулардың (крахмал) болуы. Қантты диабеттің жеңіл түрінде кант және қант өнімдері бар тағамдарды қолданбайды, ал орта және ауыр деңгейдегі диабет кезінде инсулиндік еммен қатар 20-30г қант беріледі. 2) көмірсу көздеріне, витаминдерге, минаралды заттарға бай тағамдарға, азық-түлік талшықтарына - нан ұнтағына, жармаларға, бұршақ түқымдастарға, көкөністерге көңіл бөлу. 3) диабет кезінде көмірсуларды бірден шектеу бауырдағы гликогеннің ыдырауына алып келеді. Сондықтан көмірсулар тәуліктік қуаттық қажеттілікте 55% шамасында болуы керек.

Диабет кезінеде аяқты қалай күтесіз?
Диабеттік табан.Диабеттің қатерлі асқынуы, ол қандағы глюкоза деңгейі жеткілікті бақыланбайтын науқастардың көпшілігінде байқалады. Бұл ауру болған кезде кесіп тастауды болдырмау, аяғын сақтап қалу үшін пациентке арнаулы күтім жасау қажет. Қолайлы және қолайсыз аяқ киім Диабетпен ауыратын науқас үшін басты проблема аяқ киім таңдау болып табылады.
Диабетпен ауыратын науқас аяқ киім таңдауы тиіс критерийлер: табиғи тері, жұмсақ, ішінде өрескел тігістері болмауы тиіс (қолмен тексеріңіздер), толықтығы, өлшемі және көтерілім биіктігі бойынша еркін, сай келетін, башпайлар қысылып қалмас үшін, кең, жабық тұмсықтары бар аяқ киім. Жабық өкшесі мен тұмсығы бар үй тәпішкелері, өкше нәлден биік болуы керек. Аяқ киімді мақта-маталық шұлықпен кию, 1-ден 4 см-ге дейінгі өкше. Аяқ киім жүре келе қолайлы болады деп үміттенуге болмайды, аяқ киім сатып алынған сәтінен бастап қолайлы болуы тиіс. Аяқ киімді үнемі алмастырып тұру. Аяқ киімді күннің екінші жартысында сатып алу ұсынылады. Аяқ киімді ісінген, шаршаған аяққа таңдаған дұрыс, сонда ол кез келген уақытта тура келеді. Аяқ киімді таңертең ертерек өлшеп көру мен сатып алудың қажеті жоқ.
Мән беріңіз.
Аяқтарды мұқият жуу мен кептіру – күн сайынғы міндетті рәсім. Аяқтардағы сезімталдық бұзылған кезде шомылатын кездегі су температурасын мұқият бақылау керек. Қыс айларында қатты мұздауға жол беруге болмайды. Шұлықтар мен ұйықтарды алмастыру күніне екі рет жүргізілуі тиіс. Қатты қысатын резеңкесіз, табиғи материалдардан жасалған шұлықтарды сатып алған жақсы, шұлықты жамалғаннан кейін пайдалануға болмайды.Табандардың сезімталдығы төмендегендіктен, диабеттен зардап шегетін адамдарға жағажайда, орманда және тіпті үйде де жалаң аяқ жүру ұсынылмайды, өйткені табанда пайда болған жарақатты байқамай қалуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет