Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет34/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
139-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелер

1. Төтенше қауіпсіз мекемелерде дағдылы жағдайларда осы мекемеге жаңадан келген сотталғандар, сондай-ақ қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.

2. Дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің кемінде бір жылын өтегеннен кейін еңбекке адал қараған кезде дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жеңілдетілген жағдайларға ауыстырылады.

3. Жеңілдетілген жағдайларда кемінде алты ай болған, дәрежесі үшінші оң мінез-құлықты сотталғандар мерзімін өтеу бойынша босатылғанға дейін алты ай қалғанда жеңілдікті жағдайларға ауыстырылады.

4. Жазасын дағдылы, жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған сотталғандар қатаң жағдайларға ауыстырылады.

Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы сотталғандар дағдылы жағдайларға ауыстырылады.

5. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстыру жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жазалауы болмаған кезде, кемінде бір жыл өткен соң жүргізіледі.

6. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларынан дағдылысына, дағдылы жағдайларынан жеңілдетілгеніне немесе жеңілдетілген жағдайларынан жеңілдіктісіне қайта ауыстыру осы баптың екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде айқындалатын тәртіппен жүргізіледі.

7. Басқа төтенше қауіпсіз мекемеден ауыстырылған сотталғандар өздеріне ауыстырылғанға дейін айқындалған сол жағдайларда жазасын өтейді.
140-бап. Төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары

1. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ өлiм жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар жазасын төтенше қауіпсіз мекемелерде басқа сотталғандардан бөлек өтейді.

2. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

Олар:


1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;

2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;

3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.

3. Жазасын жеңілдетілген ұстау жағдайларында өтеп жүрген сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады.

Олар:

1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;



2) бір жыл ішінде төрт сауқат немесе сәлемдеме және төрт бандероль алуға;

3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді және үш ұзақ мерзімді кездесу алуға құқылы.

4. Жазасын жеңілдікті жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар мекеме бастығының қаулысы бойынша тәулік бойы бақылауда және қадағалауда болып, күзетілетін периметрдің шегінен тыс жерде, бірақ мекемеге іргелес жатқан аумақтың шекарасы шегінде тұруға және еркін жүріп-тұруға құқылы.

Олар:


1) бір жыл ішінде үш ұзақ мерзімді кездесу;

2) саны шектеусіз қысқа мерзімді кездесулер алуға құқылы.

5. Жазасын қатаң ұстау жағдайларында өтеп жүрген сотталғандар камераларда тұрады.

Олар:


1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

2) бір жыл iшiнде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;

3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді кездесу алуға;

4) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.

Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет