133-бап. Мекемелердің көтермелеу және жазалау шараларын қолданатын лауазымды адамдары
1. Мекемелер бастықтарының немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдардың осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын толық көлемде қолдануға құқығы бар.
2. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай көтермелеу шараларын қолдануға құқығы бар:
1) алғыс жариялау;
2) тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға қосымша ақша жұмсауға рұқсат беру;
3) мекеме бастығының орынбасары кәмелетке толмаған адамға бұрын қолданған жазаны мерзімінен бұрын алу.
3. Мекеме бастығы орынбасарларының мынадай жазалау шараларын қолдануға құқығы бар:
1) ескерту;
2) сөгiс.
134-бап. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларда ұстау жағдайлары
1. Тәртіптік изоляторға жабылған сотталғандарға:
1) күн сайын ұзақтығы бiр сағат сейілдеуге рұқсат етіледі;
2) кездесуге, телефон арқылы сөйлесуге, тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға, камерада темекі шегуге, сондай-ақ жатын орынды күндізгі уақытта пайдалануға тыйым салынады.
2. Жазалау тәртiбiмен жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандардың:
1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жазасын өтеу кезеңінде тапқан қаражатынан төрт айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жұмсауға;
2) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқығы бар.
3. Тәртіптік изоляторға жабылған немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандар басқа сотталғандардан жеке жұмыс iстейдi.
4. Сотталғандарды тәртіптік изоляторлардан немесе жалғыз адамдық камералардан мекемелерде орналасқан медициналық ұйымға, сондай-ақ өзге де медициналық денсаулық сақтау ұйымына ауыстырған жағдайда, олардың сонда болу мерзімі жазаны өтеу мерзімінің есебіне жатқызылады.
Ескерту. 4-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Мүгедектігі бар сотталғандарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлардағы камералар мен жалғыз адамдық камералар арнаулы техникалық құралдармен жабдықталады.
Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-тарау. ӘРТҮРЛІ ТҮРДЕГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |