Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет19/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

107-бап. Сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер алу және жіберу

1. Сотталғандар осы Кодексте көзделген тәртіппен сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер алуға құқылы.

2. Сотталған адам медициналық қорытындыға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар алуға құқылы. Жете тексергеннен кейін бұлар сотталған адамды емдеуге пайдалану үшін мекемеде орналасқан медициналық ұйымға жіберіледі.

Ескерту. 2-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Мекеме әкімшілігінің рұқсатымен сотталғандар сауқаттар мен бандерольдер жіберуге құқылы.

Ескерту. 107-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.


108-бап. Хат жазысу, ақшалай аударымдарды жiберу және алу

1. Сотталғандар хаттар алуға және оларды ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен саны шектеусіз жіберуге құқылы.

2. Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен бақылау жасалады.

3. Ерлі-зайыпты не туыстар болып табылмайтын, мекемелерде ұсталатын сотталғандардың арасында хат жазысуға мекеме әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жол берiледi.

4. Толық, төтенше қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары, орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі аралас мекемелерде ұсталатын сотталғандар айына екі реттен көп емес ақшалай аударымдарды алуға құқылы, бұл ретте олардың жалпы сомасы жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Сотталғандар жазаны өтеу кезеңінде тапқан жеке қаражаты есебінен жұбайына (зайыбына), туыстарына ақшалай аударымдарды шектеусіз жіберуге құқылы.

5. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандар ақшалай аударымдарды шектеусіз алуға және жіберуге құқылы.

6. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысандарын қолдануға байланысты қосымша көрсетілетін қызметтер сотталған адамның жеке қаражаты есебінен өтеледі.

7. Сотталған адам мекемеден кеткеннен кейін оның атына келіп түскен хаттар үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, оның жазасын өтеу орны бойынша жөнелтіледі.

Ескерту. 108-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет