Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет23/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

116-бап. Сотталған жүктi әйелдердi, бала емiзетін аналарды және балалары бар әйелдердiматериалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету ерекшелiктерi

1. Балалары бар сотталған әйелдер жазасын өтеп жүрген мекемелерде балалар үйлерi ұйымдастырылуы мүмкiн.

Мекемелердiң балалар үйлерiнде балалардың қалыпты тұруы мен дамуы үшiн қажеттi жағдайлар қамтамасыз етiледi.

Сотталған әйелдер өздерiнiң үш жасқа дейiнгi балаларын мекемелердің балалар үйлерiне орналастырады және жұмыстан бос уақытта олармен шектеусіз қарым-қатынаста болады. Оларға балаларымен бiрге тұруға рұқсат етіледі.

2. Сотталған әйелдердiң жазбаша келiсiмiмен балалар олардың жұбайларына, туыстарына немесе сот шешімімен өзге де адамдарға берiледi не балалар үш жасқа толғаннан кейін тиiстi балалар мекемелерiне жiберiледі.

3. Сотталған жүктi әйелдер мен бала емiзетін аналардың саны мен ассортименті медициналық қорытындыда айқындалатын азық-түлiк салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуына болады. Сотталған жүктi әйелдердің босану уақытында және босанғаннан кейiнгi кезеңде әйелдердің мамандандырылған медициналық көмекке құқығы бар.

4. Мекемелердің балалар үйлерінде балалар тамақпен, бірінші кезекте қажетті заттармен, жеке жатын орынмен, төсек керек-жарақтарымен, жынысы мен климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусым бойынша киiммен, iшкиiммен және аяқкиiммен бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етiледi.
117-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету

1. Сотталғандарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетіледі.

2. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым) ұйымдастырылады. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар сотталғандарды мәжбүрлеп емдеуді мекемеде орналасқан медициналық ұйым жүзеге асырады.

Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Мекеме әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуына жауапты болады.

3-1. Мекеме әкімшілігі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларды ұсынады және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ескерту. 3-1-бөлікпен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Мекемелерде туберкулезге қарсы көмекті, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 4-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

5. Жазасын өтеп жүрген адам қайтыс болған жағдайда, мекеме әкімшілігі бұл туралы прокурорға, жұбайына (зайыбына) немесе туыстарына, ал шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам қайтыс болған жағдайда – қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне дереу жазбаша нысанда хабарлайды.

Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет