Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет55/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

96-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертудi және тоқтатуды психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеме әкiмшiлiгiнiң ұсынуы бойынша сот белгiлейдi.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгiленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгiзу үшiн негiздердiң бар екенi жөнiндегi мәселенi шешу үшiн кемiнде алты айда бiр рет психиатр-дәрiгерлер комиссиясында куәландырылып отыруға тиiс. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгi мәжбүрлеп емдеудi ұзарту үшiн сотқа қорытынды бередi. Мәжбүрлеп емдеудi бiрiншi ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейiн жүргiзiлуi мүмкiн, мәжбүрлеп емдеудi одан кейiн ұзарту жыл сайын жүргiзiледi.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын өзгертудi немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйi өзгерiп, бұрын тағайындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медициналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүзеге асырады.
4. Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеудi қолдану тоқтатылған жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам жөнiнде қажеттi материалдарды оны емдеу немесе психиатриялық-неврологиялық ұйымға жiберу туралы мәселенi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiппен шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына беруi мүмкiн.
97-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейiн жаза тағайындау
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн немесе жазасын өтеу кезiнде өз iс-әрекетi үшiн өзiне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикалық аурумен науқастанған адамға, егер ескiру мерзiмi өтпесе немесе оны қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға негiз болмаса, ол сауыққаннан кейiн сот жаза қолдана алады.
2. Психикасы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жаңарту кезiнде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бiр күнi бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiмен жазалау мерзiмiне есептеледi.
98-бап. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
1. Осы Кодекстiң 91-бабының бiрiншi бөлiгiнің в) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы - бас бостандығынан айыру орнында, ал сотталған адам жөнiндегi өзге де жаза түрлерi амбулаториялық-психиатриялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
2. Осы Кодекстiң 91-бабының бiрiншi бөлiгiнің г) тармағында көзделген жағдайда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - бас бостандығынан айыру орнында, ал өзге жазалау түрлеріне сотталғандарға қатысты денсаулық сақтау ұйымдарында орындалады.
3. Сотталған адамның стационарлық емдеудi талап ететiн психиатриялық жай-күйi өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесiне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында көзделген тәртiп пен негiздер бойынша жүргiзiледі.
4. Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрi емделуi қажет болмай қалған кезде көшiрме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнемасында көзделген тәртiп бойынша жасалады.
5. Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр-дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы негiзiнде сот жүргiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет