Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет56/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

Ерекше бөлiм

1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

99-бап. Адам өлтiру
1 Адам өлтiру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiру -
сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кiсi өлтiру:
а) екi немесе одан көп адамдарды;
б) осы адамның қызметтiк iс-әрекетiн жүзеге асыруына не кәсiби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;
в) дәрменсiз жағдайда екендiгi айыпкерге белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
г) жүктi екендiгi айыпкерге белгiлi әйелдi;
д) аса қатыгездiкпен жасалған;
е) басқа адамдардың өмiрiне қауiптi тәсiлмен жасалған;
ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жүзеге асырған;
з) пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен немесе қорқытып алушылықпен ұштасқан;
и) бұзақылық ниетпен;
к) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерiмен ұштасқан;
л) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық не қанды кек себебi бойынша;
м) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатымен жасалған;
н) бірнеше рет жасалған адам өлтіру;
о) көрінеу кәмелетке толмаған баланы өлтіру;
п) төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған, -
мүлкiн тәркiлеу немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
100-бап. Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi
Анасының өзiнiң жаңа туған сәбиiн туып жатқан кезiнде, сол сияқты одан кейiнгi кезеңде психикасын бұзатын жағдайда немесе есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтiруi -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет