Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет81/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

162-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіру
Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі, сол сияқты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып олардың құқықтары мен заңды қызметтеріне араласуы,
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
163-бап. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру, пикет жасауды ұйымдастыру мен өткiзуге немесе оларға қатысуға кедергi жасау
1. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру, пикет жасауға, өзге де заңды көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға немесе өткiзуге немесе оларға қатысуға заңсыз кедергi жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып не күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытумен жасаған дәл сол әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
164-бап. Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу
1. Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларының немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларының сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның осы қағидаларды абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы, -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда денсаулығына ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның қайтыс болуына әкеп соққан әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адам өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет