Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)


-тарау. Мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет87/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

5-тарау. Мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
182-бап. Мемлекеттiк опасыздық
1. Мемлекеттiк опасыздық, яғни қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттiк құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесіне қарсы бағытталған әрекетте шетелдiк мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, Қазақстан Республикасының азаматы жасаған қасақана әрекет -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекет, -
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.
Ескерту. Осы бапта, сол сияқты осы Кодекстiң 183 және 186-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттiк органдарға ерiктi және дер кезiнде хабарлауымен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделерiне залал келтiрудi болдырмауға жәрдемдессе және оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
183-бап. Шпионаж
Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шетелдiк мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер осы әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет