Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жобасына (жаңа редакцияда) түсіндірме жазба Қарауға енгізіліп отырған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (жаңа редакциядағы) жобасы Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 6 қаңтардағы (№ 51-14.20) тапсырмасын орындау үшін әзірленді. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында анықталған қылмыстық құқықтарды дамытудың негізгі бағыттарын іске асырады кезекті кезеңінің аяқталғанын білдіреді. Қылмыстық саясатты дамытудың жобамен іске асырылатын тұжырымдамалы бағыттары бір жағынан алғаш рет немесе әлеуметтік-осал топқа жататын адам жасаған қылмысқа қатысты толеранттық көзқарасты кеңейтеді, екінші жағынан ауыр қылмыстарға, қылмыстың қайталану көрінісіне, ұйымдасқан қылмысқа және сот төрелігіне кедергі келтіруге мән беруді қаталдатады. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясының ерекше жаңалықтары қатарында қылмыстық жазаға тартылатын әрекеттердің қылмыстық теріс қылық атты жаңа санатын енгізу. Осы санаттан бөлек жеке басқа, қоғамға немесе мемлекетке айтарлықтай емес зиян келтіруге әкеп соғатын, сондай-ақ оны келтіруге қауіп төндіретін бірқатар қасақана құқық бұзушылықтар жатқызылған. Қылмыстық теріс қылықтардың қатарына неғұрлым елеулі әкімшілік құқық бұзушылықтар да енгізілді, соның ішінде, олардың көп бөлігі жеке басқа, азаматтардың сайлау құқығына, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әрекеттер. Осы санатқа сондай-ақ қазіргі таңда бас бостандыынан айыруға жазаланбайтын онша ауыр емес қылмыстар да енгізілді. Қылмыстық теріс қылықтарды енгізу қылмыстардың алдын алуды күшейту үшін негіз болады, ол қоғамдық қатынастарды қылмыстық-құқықтық қорғаудың тиімділігін арттырады. Жобада бірінші кезекте қоғамдық және түзеу жұмыстарына, сондай-ақ ескірудің ең төменгі мерзімдеріне және соттылығының болмауына жазалаудың жұмсақ түрлерінің кең спектрін білдіретін қылмыстық теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шараларын айқындаған кезде ұтымды саясат қарастырылған. Осылайша әкімшілік деликтілердің бірқатарын қылмыстық-құқықтық салаға ауыстыру соттылық статистикасының өсуіне әкеп соқпайды. Қылмыстық теріс қылықтарды енгзу әкімшілік-құқықтық саладан қамауға алуды алып тастауға және әкімшілік іс жүргізулерде соттардың рөлдері мен функцияларын қайта қарауға мүмкіндік береді. Жобада қолданыстағы Қылмыстық кодекспен салыстырғанда жазалау жүйесі және қылмыстық-құқықтық санкциялар бас бостандығынан айыруға балама шараларды неғұрлым кең қолдануға назар аудара отырып, негізделген түрде пысықталған. Жазалар тізбесінде негізінен қылмыстарды жасағаны үшін санкцияларда бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның қаталдығына мөлшерлес ұлғайтылатын айыппұлдардың мөлшерлері белгіленеді. Айыппұлдарды қолдану саласында адам өліміне әкеп соғуға байланысты емес барлық ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстарға айыппұл қолдану саласы кеңейтілген. Жобада түзеу жұмыстарын орындаудың мазмұны мен тәртібі өзгертілген, ол айыппұлға ең жақын балама ретінде белгіленген және бюджетке төленуге жататын соманың нақты мөлшерімен есептеледі. Айыппұл төлеуден немесе түзеу жұмыстарынан жалтарудың жазаның бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын ескере отырып, олардың нақты оындалуының өсуін күтуге болады. Жазаның осы түрін қолдану саласы ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстардың барлығына, сондай-ақ жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазалау ретінде қарастырылатын ауыр қылмыстардың бөлігіне таратылған. Бостандығын шектеу сотталғанның пробациялық бақылауда болуын, сондай-ақ оны қылмыстық жағдайдан кейнгі кезеңдегі тәртібін түзетуге мүмкіндік беретін қоғамға пайдалы еңбекке тартуды білдіреді. Қылмыстық кодекстің жобасы бойынша бас бостандығынан айыруды баламасыз қолдану азайтылған. Бас бостандығынан айыру жазалаудың жеке-дара түрі ретінде ұйымдасқан топ жсаған қылмыстар үшін, сондай-ақ адам өліміне әкеп соғуға байланысты және аса ауыр қылмыстар үшін ғана сақталған. Тұтастай алғанда, осы өзгертулер бас бостандығынан айыруға бйланысты емес жазаларды неғұрлым кең қолдануға сот практикасын қайта бағдарлау үшін негіз болады. Сотталғангдарды толықтай оқшаулаудың орнына айыппұл санкциялары және қоғам пайдасына мәжбүрлі түрде еңбек ету нақты жұмыс істей бастайды деп болжануда. Тиісінше, түрме тұрғындары деп аталатын индекс төмендейді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін атақтарды, шендерді, рангтер мен мемлекеттік марапаттарды жоятын, сондай-ақ мемлекеттік қызметке құқықтарын жоятын жазалаудың міндетті қосымша түрлері енгізіледі. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарды өмір бойы балалармен жұмыс істеуге тыйым салу белгіленеді. Халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, тәркілеу заңсыз жолмен және пайдадан табылған мүліктеріне қатысты қолданылатын болады. Жаңа редакцияда қылмыстық-құқықтық институттардың сынақ уақыттары сақталған және жетілдірілген. Шартты түрде соттау, қылмыстық жауаптылықтан босату, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың негіздіері өзгертілген, жазалар неғұрлым жұмсақ түрлерге ауыстырылған, залалды толық өтеген кезде оларды қолдану жағдайларына ерекше тоқталады. Адам қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, ашуға және тергеуге, ұйымдасқан қылмыстылықты әшкерелеуге көмек көрсеткен кезде осы нормаларды қолдану мүмкіндіктері де кеңейтлген. Сонымен бірге барлық осы институттар бойынша ұйымдсқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлық, террористік және экстремистік қылмыстарға (жекелеген алып қоюларға), жас өспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарға қатысты оларды қолдануға тыйым салу көзделген. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, кепілгерлік бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың жаңа институты енгізілді, ол егер адам пробациялау кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған кезде қайтарылуға жататын кепіл енгізген кезде қолданылуы мүмкін. Бұл құқыққа қарсы тәртіптің алдын алудағы қазіргі заманғы көзқарасы болып табылады. Қылмыстардың қайталануы институты елеулі түрде өзгертіледі, онда жаңа қағидалар бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін ғана бас бостандығынан айыруға соттау ескерілетін болады. Осы шаралар көптеген сотталған адамдардың жазаларын өтеу режимдерін жұмсартуға мүмкіндік береді, келешекте бас бостандығынан айыруға сотталғандардың санын белгілі бір дәрежеде қысқарту күтілуде. Осы саладағы ақпараттық технологиялардың белсенді дамуына және кәсіби қылмыстылықтың өсуіне байланысты Қылмыстық кодекстің жобасына жеке тарау енгізілді, онда халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, компьютерлік қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтар белгіленген. Өсек-аяң және өзге де заңсыз ақпараттарды таратуға байланысты қылмыстардың құрамына ақпараттық-коммуикациялық желілерді құқыққа қайшы пайдаланғанын көрсететін тиісті саралау белгілері енгізілді. Осы шаралар киберқылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өмір сүру сапасын арттыру, білікті, Конституциямен кепілдендірілген медициналық көмек алу аспектілерін назарға ала отырып, медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арнаулы тарау енгізілді, онда адам өліміне немесе денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан қоғамдық қауіпті әрекеттер жасағаны үшін медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің қылмыстық жауаптылықтары реттеледі. Жоғары қоғамдық қауіптілікті ескере отырып, жалған дәрілік заттардың, ауыр салдарларға әкеп соққан медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың заңсыз айналымы (өндіру, даярлау,өткізу және т.б.) қылмыстандырылды. Жоба Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының бірқатар ережелерін іске асырады. Аналыққа және балалыққа қарсы бағытталған қылмыстар үшін жаза күшейтілді. Тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық таныту қағидасына сәйкес қоғамдық тәртіпке қарсы болмашы құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық енгізіледі. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, экстремизм және терроризм көріністері үшін жауаптылық күшейтіледі. Осылайша, Қылмыстық кодекс жобасында қылмыстық құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған кәмелетке толмағанға, әлеуметтік-осал топ санатындағы басқа да адамға қылмыстық саясатты ырықтандырумен және ізгілендірумен қатар қылмыстың барлық жаңа түрлеріне қарсы күрес үшін негіздер қаланған, қылмыстық әрекеттің жандануы орын алған жерлерде сол саладағы жазалар күшейтілді, Тұрақты ұлттық келісімді бұзғаны және әлеуметтік жанжалдарды арандатқаны үшін қатал жаза көзделген. Тұтастай алғанда Қылмыстық кодекстің жобасын қабылдау қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтардан адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғалу дәрежесінің сапалы жаңа деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. Жобаны іске асыру қамауға алу түріндегі жазаны орындауды қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылай шығыстарды талап етеді. Қылмыстық кодекстің жаңа редакциядағы жобасына есептелген шығыстардың мөлшері алдын ала болжамы ғана, оның түпкілікті мөлшері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа редакциядағы жобасының ережелерімен айқындалатын болады. Жазылғандар негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі аталған кодекс жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына ұсынады.