Қазақстан Республикасының Жер кодексi 1-бап



бет30/58
Дата24.11.2022
өлшемі0,92 Mb.
#52296
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn zher kodeksi

120-бап. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жер
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Әскери бөлiмдерді, әскери полигондарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын және белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегіндегі оларға іргелес аумақтарды, әскери оқу орындарын, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының арнаулы (әскери) оқу орындарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының өзге де ұйымдарын, олардың қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы мiндеттердi атқаратын объектілері мен құрылысжайларын орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берілген жер учаскелерi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер деп танылады.
Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою орталық уәкілетті органмен және тиісті уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен) келісу бойынша жүзеге асырылады.
2. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына байланысты жаттығулар мен басқа да iс-шаралар өткізу үшiн жердi уақытша пайдалану қажет болған жағдайда, жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жердi пайдаланушылардан жер учаскелері алып қойылмайды.
Осы жердi пайдалану iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн, сондай-ақ ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтар үшiн белгiленген тәртiпке орай жүзеге асырылады.
Жер учаскелерiн аталған мақсаттарда пайдалануға рұқсатты облыстық атқарушы орган бередi.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғауды және күзетудi қамтамасыз ету мақсатында инженерлiк-техникалық құрылыстар мен қоршауларды, шекара белгiлерiн, шекарадағы орман жолдарын, коммуникацияларды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өту пункттерiн жайғастыру мен күтiп-ұстау үшiн жер учаскелерi берiледi.
4. Аудандық атқарушы органдар тиісті уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен) келісу бойынша, әскери полигондарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын және белгіленген тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар шегіндегі оларға іргелес аумақтарды орналастыру және олардың тұрақты қызметі үшін берілген жер учаскелерін қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берiлген жерден жекелеген жер учаскелерін ауыл шаруашылығына пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға бере алады.
Ескерту. 120-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2018 № 151-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет