Қазақстан Республикасының Жер кодексi 1-бап



бет28/58
Дата24.11.2022
өлшемі0,92 Mb.
#52296
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
119-бап. Байланыс және энергетика жерi
1. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, ақпарат қажеттерiне арналған жерге тиiстi инфрақұрылымдардың объектiлерiн орналастыру, байланыстың кабель, радиореле және әуе желiлерi, соның iшiнде жер астындағы желiлер үшiн бөлiнiп берiлген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылыстар және (немесе) тіреуіштер салу үшін бөлініп берілген жер жатады.
Байланыс объектілері үшін белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс нормалары мен қағидалары, байланыс желілерін күзету қағидалары және басқа да нормативтік техникалық құжаттар негізінде байланыс желілерінің күзет аймақтары белгіленуі мүмкін.
2. Энергетика жерiне:
1) су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станцияларын және олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру;
2) электр берудің әуе желiлерiнің тіректерін, электр берудің кабельдік желiлерiнiң жер бетiндегi құрылыстарын, кіші станцияларды, тарату құрылғыларын, энергетиканың басқа да құрылыстары мен объектiлерiн орналастыру үшiн бөлiнiп берiлген жер учаскелерi жатады.
Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және энергетика объектiлерiн пайдалануға жағдай жасау үшiн электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекiткен электр желiлерi объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгiлеу қағидаларына, жылу желiлерi объектілерінің күзет аймақтарын және жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгiлеу қағидаларына сәйкес жерді пайдаланудың ерекше шарттарымен электр және жылу желілерінің күзет аймақтары белгіленеді.
Ескерту. 119-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 166-IV; 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 355-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет