Қазақстан Республикасының Жер кодексi 1-бап



бет55/58
Дата24.11.2022
өлшемі0,92 Mb.
#52296
түріКодекс
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn zher kodeksi

161-бап. Жер мониторингiн жүргiзу
1. Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жер мониторингi бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды iске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерін пайдалану тәртiбiн жер ресурстары жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 161-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
162-бап. Жер мониторингi ақпаратын алу мен пайдалану әдiстерi
1. Жер мониторингін жүргізу кезінде қажетті ақпарат алу үшін қашықтықтан зондтау, жерүстін түсіру және байқаулар әдістері, қор деректері, жерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер қолданылады.
2. Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
3. Жер мониторингiнен алынған нәтижелер автоматтандарылған ақпараттық жүйенiң мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкiнде жинақталады.
4. Азаматтар, кәсiпорындар мен мекемелер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар жер мониторингiнiң мәлiметтерiн белгiленген тәртiппен пайдаланады.
Ескерту. 162-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
163-бап. Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
1. Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру, жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын жасау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүргiзiлетiн өзге де жұмыстар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Аудандардың, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердiң, кенттердiң, ауылдардың шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру, жердi аймақтарға бөлу, ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншi түрге ауыстыру, елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру және жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiлетiн өзге де жұмыстар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
3. Жер учаскелерiнiң жеке меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өтiнiштерi бойынша жерге орналастыру олардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116(2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бөлiм. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және
қорытынды ережелер
20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын
қорғау және шығынды өтеу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет