Қазақстан Республикасының Жер кодексі



бет3/3
Дата16.10.2022
өлшемі1,36 Mb.
#43383
түріКодекс
1   2   3

4. Егер жер учаскесi лицензияны (патенттi) немесе жер қойнауын пайдалануға Келiсiм-шарт жасасуды керек ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимыл жасауға арналса, осы учаскеге жер пайдалану құқығын беру тиiстi лицензия (патент) алынғаннан кейiн немесе жер қойнауын пайдалануға Келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн жүргiзiледi.

Уақытша жер пайдалану құқығы

  • Уақытша жер пайдалану құқығы
  • 1. Уақытша жер пайдалану құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкiн
  • Уақытша жер пайдалану құқығын беру мерзiмдерi нысаналы мақсатын ескере отырып белгiленедi.
  • 2. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiстi түрде орындаған уақытша жер пайдаланушының шарт мерзiмi бiткен соң басқа жағдайлары тең болған кезде жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады. Уақытша жер пайдаланушы жалға берушіге осындай шарт жасасу ниетi бар екенiн - шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетiлмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталардан үш ай бұрын жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi
  • 3. Бастапқы ұзақ мерзiмдi ақылы жер пайдалану құқығы бар мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн (немесе олардың бiр бөлiгiн) жалға (кiшi жалға) немесе өтеусiз уақытша жер пайдалануға беруге, сондай-ақ өздерiне тиесiлi уақытша жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығаруға құқылы
  • Мемлекеттiк жер пайдаланушылар аталған құқықтарды осы Заңның 30-бабында белгiленген тәртiппен iске асырады
  • 4. Бастапқы уақытша жер пайдаланушы жер учаскесiн кейiнгi жер пайдалану туралы шарт бойынша басқаға берген жағдайда, соңғысының мерзiмi бастапқы жер пайдалану мерзiмiнен аспауы керек және жер учаскесiнiң нысаналы пайдаланылу мақсатын бұзуға әкеп соқтырмауға тиiс
  • 5. Кейiнгi жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi құқыққа осы Заңның 29-бабында белгiленген тәртiппен билiк етедi.

Қызметтiк жер телiмi

  • Қызметтiк жер телiмi
  • 1. Қызметтiк жер телiмi ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады.
  • 2. Қызметтiк жер телiмiне құқығы бар қызметкерлер санаттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
  • 3. Қызметтiк жер телiмi үлеске құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы жерден бөлiнедi.
  • 4. Қызметтiк жер телiмi қызметтiк тұрғын үйге күтiм жасау, ауыл шаруашылық дақылдарын өсiру, шөп шабу және мал жаю үшiн берiледi.
  • 5. Қызметтiк жер телiмi өтеусiз кейiнгi уақытша жер пайдалануға жатады және өзiнiң бөлiнуiне байланысты жұмыс кезеңiне берiледi. Қызметтік жер теліміне ауыл шаруашылық дақылдары егілген жағдайда жұмыстан босатылған қызметкердiң қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығы өнiм жинап алынғаннан кейiн тоқтатылады.
  • 6. Қызметтiк жер телiмi:
  • 1) жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шыққан соң еңбек қатынастарын тоқтатқан қызметкерлерде;
  • 2) Қарулы Күштер қатарына мiндеттi мерзiмдi қызметке шақырылған немесе оқуға түскен қызметкерлердiң отбасында - бұл қызметкерлердiң мiндеттi қызметте немесе оқу орнында болған бүкiл мерзiмiне;
  • 3) қызмет мiндеттерiн орындауына байланысты қаза тапқан қызметкерлердiң отбасында: жұмысқа жарамсыз жұбайы мен қартайған ата-аналары үшiн - өмiр бойы, балалары үшiн - олар кәмелетке толғанға дейiн сақталады.
  • 7. Тұрғын үй заңдарына сәйкес қызметтiк тұрғын жайда тұру құқығы сақталатындығына қарай, қызметтiк тұрғын үйдi күтiп ұстауға арналған учаске түрiндегi қызметтiк жер телiмiне құқықта сақталады.
  • 8. Қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен жер учаскесiн беру қызметкер мен заңды тұлға әкiмшiлiгiнiң арасында жасалатын қызметтiк жер телiмiн беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
  • 9. Қызметтiк жер телiмiн пайдалану құқығына қатысты қандай да болсын мәмiле жасасуға жол берiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет