Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-10-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау



бет21/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

124-10-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау

1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.


2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай ден қою шаралары қабылданады:


1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;


2) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің бұзылуын жою туралы нұсқама шығару;


3) құқық қорғау және өзге де органдарға материалдарды беру.


3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.


Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган талдаудың және ақпараттық жүйелер, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүзеге асырады.


4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері бақылау субъектілері болып табылады.


5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.


Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.


6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалып, бақылау субъектісіне оларды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріледі.


7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.


Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:


1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;


2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;


3) электрондық тәсілмен – табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.


8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.


9. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.


10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.


11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты оларға бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.


Ескерту. 11-1-тарау 124-10-баппен толықтырылды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12-тарау. МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ


125-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

126-бап. Міндетті сақтандырудың мақсаты

Үшінші тұлғалардың өміріне және (немесе) денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға келтірілген зиянды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өтеу міндетті сақтандырудың мақсаты болып табылады.

127-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі

Кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген мүліктік зиянды өтеу мiндетiмен байланысты оның мүлiктiк мүддесi кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.

128-бап. Міндетті сақтандыруды жүзеге асыру

1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарттарын кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу жағдайына жасасады.


2. Кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты үшiншi тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген зиян үшін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасуы оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың тиісті шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.

13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет