Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет29/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

143-бап. Тексеру парақтары

1. Реттеуші мемлекеттік орган және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.


Бекітілген тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.


2. Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптардың тізбесін қамтиды.


Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бөліп жасалады.


Біртекті топтар деп нақ сол талаптар қойылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) түсініледі.


Тексеру парағы мынадай шарттар ескеріле отырып қалыптастырылады:


1) талаптар осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленуге тиіс;


2) олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар енгізіледі;


3) талаптар жалпы сипатта бола алмайды және басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемені қамти алмайды;


4) талаптардың тұжырымдары мейлінше қысқаша болуға, нақты мағынаны және әртүрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.


3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жатады.


Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

144-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет