Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Бірыңғай есеп беру күні



бет24/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

131-1-бап. Бірыңғай есеп беру күні

1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.


2. Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасы бойынша кездесу Бірыңғай есеп беру күні болып табылады.


Ескерту. 131-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

132-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері мен объектілері. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар



ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.


Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiсінде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын мүлік мемлекеттік бақылау және қадағалау объектісі болып табылады.


2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.


Ескерту. 132-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

133-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi



Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi.

134-бап. Мемлекеттік бақылау

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.


2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.


3. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалады.


ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




4. Бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.


Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады.


Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.


Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

135-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет