Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет30/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

144-бап. Тексеру түрлерi

1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:


1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;


2) жоспардан тыс тексерулер.


Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын тексеру ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.


Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.


2. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


3. Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге:

1) тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;


1-1) субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермеген және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшаттарында айқындалған, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;


2) оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жүгінімдері;


3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;


3-1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болғаны туралы ақпарат (шұғыл хабархат);


4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;


5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;


6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жүгінімдері;


7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектiсі азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;


8) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгініміне байланысты қайта тексеру;


9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;


10) салық төлеушiнiң өтiнiштерi, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;


11) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


12) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеу және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері;

13) денсаулық сақтау субъектісі эпидемияның, карантиндiк объектiлер мен аса қауiптi зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттiк аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындағаны немесе туындау және таралу қатерi туралы беретін ақпарат (шұғыл хабархат) негіздер болып табылады.


4. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.


5. Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.


6. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда, объектiлерге жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүргiзiледi.


Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшесінің ақпаратты (шұғыл хабархатты) алуы негіз болып табылады.


7. Жалған пестицидтердi өндiру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiні алдын ала хабардар етпестен жүргiзiледi.


8. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүзеге асырылады.


Тексерудi тағайындау туралы акт тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу деп есептеледi.


9. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн тізбеленген негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметті әділет органдарында немесе тіркеуші органда тiркелместен жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.


10. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.


Ескерту. 144-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

144-1, 144-2, 144-3, 144-4-баптармен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

145-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет