ІІІ тарау § 12 48. Организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету ішін керекті талаптарының жиынтығы:
А) тұтыну
В) шаруашылық
С) қажеттілік
Д) кәсіпкерлік [С] 47-бет
49. Адам қажеттіліктерінің пирамидасын құраған американдық ғалым:
А) Д.Кейнс
В) А.Маслоу
С) Д.Смит
Д) Б.Рассел [В] 48-бет
50. Грек тілінен аударғанда «экономика» сөзінің мағынасы:
А) мемлекеттік іс туралы заң
В) дауыс беру туралы заң
С) үй шаруашылығын жүргізу туралы заң
Д) еңбек туралы заң [С] 49-бет
51. Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен өндіріс құралдарының жиынтығы:
А) капитал
В) кәсіпкерлік
С) өндіргіш күш
Д) тауар [А] 50-бет
52. Адам ресурсы, жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі және тәжірибесі:
А) кәсіпкерлік
В) еңбек
С) капитал
Д) нарық [В] 50-бет
53. Кәсіпкерлік дегеніміз:
А) салық төлеуші
В) өндіргіш күш
С) адамның өндірісті ұйымдастыру қабілеті
Д) алыпсатарлық [С] 50-бет
ІІІ тарау § 13 54. Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім:
А) тауар
В) ақша
С) нарық
Д) акция [А] 51-бет
55. Батыстан келген әуел баста «сатушы мен сатып алушы кездесетін орын» ұғымын білдіретін сөз:
А) ақша
В) тауар
С) банк
Д) нарық (рынок) [Д] 51-бет
56. Нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм:
А) ақша
В) нарық
С) тауар
Д) базар [В] 51-бет
57. Тауарды баспа-бас түрінде айырбастау:
А) бартер
В) брокер
С) банкир
Д) банкрот [А] 51-бет
58. Жалпыға бірдей балам ретінде қолданылатын ерекше тауар:
А) банк
В) ақша
С) нарық
Д) тауар [В] 52-бет
59. Ақша, негізінен, қанша қызмет атқарады:
А) айналыс, құн өлшемі, қорлану қызметтерін атқарады
В) қорлану, өсу, жинақталу
С) пайдаланылу, жұмсалу, сақтандыру
Д) айналыс, құн өлшемі, сақтандыру [А] 52-бет
60. Өндірушінің өндіріс факторлары үшін (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының жиынтығы:
А) тауардың сапасы
В) тауардың саны
С) тауардың өзі
Д) тауардың құны [Д] 53-бет
61. Өндірушінің бағасы мен сатып алушы бағасының арасындағы баланс:
А) тең салмақты баға теориясы
В) қосарлы баға теориясы
С) өндіруші баға теориясы
Д) сатып алушы баға теориясы [А] 53-бет
62. Сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілеті:
А) ұсыныс
В) таңдау
С) өндіріс
Д) сұраныс [Д] 53-бет
63. Тауар өндірушінің белгілі жерде, белгілі уақытта тұтынушыға сата алатын тауарларының көлемі қалай аталады?
А) ұсыныс
В) сұраныс
С) таңдау
Д) өндіріс [А] 54-бет
64. Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде не қалыптасады?
А) өндіріс құны
В) нарықтық баға
С) бәсеке
Д) нарық [В] 55-бет
65. Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас:
А) тауар
В) нарық
С) бәсеке
Д) ақша [С] 56-бет
66. Кәсіпорынның немесе кәсіпорындар тобының нарықта билік жүргізуге, бағаға бақылау жасай алатын және оны айқындайтын жағдайға ие болуы:
А) кәсіпкерлік
В) монополия
С) меншік
Д) акционер [В] 56-бет