ІІІ тарау § 14 67. Жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталды және басқа активтерді алу, беру, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы:
А) жекеменшік
В) мұрагерлік құқық
С) акционерлік
Д) ортақ меншік [А] 58-бет
68. Өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект:
А) кәсіподақ
В) жекеменшік
С) кәсіпорын
Д) монополия [С] 58-бет
69. Мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арасындағы жалға беру туралы шарттың негізінде құрылатын кәсіпорын:
А) жалгерлік кәсіпорын
В) мемлекеттік кәсіпорын
С) акционерлік қоғам
Д) монополия [А] 58-бет
70. Мемлекеттік билік органдарының өкімімен құрылатын кәсіпорын:
А) жалгерлік кәсіпорын
В) акционерлік қоғамдар
С) мемлекеттік кәсіпорындар
Д) жеке кәсіпорын [С] 58-бет
71. Заңды немесе жеке тұлғалардың ерікті бірлестіктері – меншіктің аралас нысанындағы кәсіпорындардың бір түрі болып табылатын:
А) мемлекеттік кәсіпорындар
В) жалгерлік кәсіпорындар
С) жеке кәсіпорын
Д) акционерлік қоғамдар [Д] 58-бет
72. Жеке және ұжымдық шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік меншікті беру немесе сату арқылы меншік қатынастарын қайта құру қалай аталады?
А) жекешелендіру
В) жалгерлік кәсіпорын
С) акционерлік қоғамдар
Д) мемлекеттік кәсіпорын [А] 58-бет
73. Меншіктің сипатын өзгертпестен, сәйкес құзыретті кәсіпорын деңгейіне өткізу жолымен экономиканы мемлекет тарапынан тікелей басқаруды жою:
А) жекешелендіру
В) жалгерлік кәсіпорын
С) мемлекет иелігінен алу
Д) мемлекеттік кәсіпорын [С] 59-бет
ІІІ тарау § 15 74. Кәсіпорын ұжымы қызметінің нәтижелеріне тәуелді болып келетін, жұмысшының сіңірген еңбегінің саны мен сапасына алатын сыйы:
А) еңбекқаы
В) жәрдемақы
С) зейнетақы
Д) несие [А] 61-бет
75. Еңбекақының қанша түрі бар:
А) бес
В) төрт
С) үш
Д) екі [Д] 62-бет
76. Кәсіпорындар жұмысшыларды жұмыстан шығарып жібермейді, оларды не қысқартылған жұмыс режіміне көшіреді немесе ақы төленбейтін мәжбүрлі демалысқа жібереді. Бұл құбылыс қалай аталады?
А) жұмыссыздық
В) жұмысбастылық
С) жасырын жұмыссыздық
Д) кезекті еңбек демалысы [С] 63-бет
77. Бизнес сөзі ағылшын тілінен (business) аударғанда қандай мағына береді?
А) іс
В) кәсіп
С) шаруашылық
Д) жекеменшік [А] 63-бет
78. Адамдардың қоғамға қажетті тауарлар өндіру үдерісінде жерді, еңбекті және капиталды ұштастыра отырып, коммерциялық кәсіпорындар ұйымдастыру қабілеттерін қалай атаймыз?
А) кәсіподақ
В) жекеменшік
С) кәсіпкерлік
Д) ортақ меншік [С] 64-бет